РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 января 2021 | 09:22

Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынады - Цой

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр. (...) Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 170 мыңнан асты.  154 449 адам емделіп шықты, 2 349 науқас қайтыс болды.

Еске салайық, QazCovid-in қазақстандық вакцинасы 2020 жылдың наурызында әзірленген. Ол - инактив вакцина. Бұл вакцина жануарлардан клиникалық сынақтан өткен. Бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеушілер сынақ туралы және бағасын атаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети