"Қазақстанда коронавирус жұқтырып, аурудан қайтыс болғандардың арасында 40-тай жүкті әйел бар". Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстанда коронавирус жұқтырып, аурудан қайтыс болғандардың арасында 40-тай жүкті әйел бар". Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ онлайн-брифингінде журналист министрлік өкілдерінен қанша бала коронавирус жұқтырып, ауруы асқынып қайтыс болғанын сұрады.
"Енді оны факт бойынша қараған жақсы еді. Былай егер сіз айтып отырған өте кішкентай бала болса, мүмкін коронавирус оң болған (тестілеуі оң нәтиже көрсеткен - авт.) анадан дүниеге келген бала болуы мүмкін. Бірақ коронавирустың салдарынан асқынып ауруы қайтыс болған бала тіркелген жоқ", - деді Ажар Ғиният.
Вице-министр елімізде 40 әйел коронавирус жұқтырып, аурудан қайтыс болғанын атап өтті.
"Баланың шетінеген статистикасы жоқ. Бірақ жүкті әйелдердің арасында статистика бар, коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болған... Жүкті әйелдердің ішінде 40 адамдай қайтыс болды", - деді вице-министр.
"Дәл осы коронавирус жұқтырып, кейін босану процесінде қайтыс болған, иә?" - деп нақталады журналист.
"Иә", - деп жауап берді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.
Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келе жатқанын, қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша 7,2 миллиард теңге бөлінгенін айтқан еді.
Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге коронавируспен күреуге байланысты бірқатар тапсырма берді.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 73 468-ге жетті. 45 376 науқас айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!