РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 февраля 2020 | 13:26

"Жолды бөлісе алмаған". Қордайдағы қақтығыс 5 ақпанда басталған

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордай ауданындағы қақтығыста бүлінген көлік. Фото: Әлихан Сариев Қордай ауданындағы қақтығыста бүлінген көлік. Фото: Әлихан Сариев

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы тұрғындар арасындағы жаппай төбелестің нақты себебін айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы тұрғындар арасындағы жаппай төбелестің нақты себебін айтты, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Масанчи ауылындағы тұрғындар арасындағы жанжал 5 ақпанда басталған.

"5 ақпанда Масанчи ауылының тұрғындары арасында тұрмыстық жанжал туындады. Уақыты нақты есімде жоқ. Оған қатысы бар бір күдікті қамауға алынды. Қалғандары "ешқайда кетпейміз деген" қолхатпен үйлеріне жіберілді", - деді ол журналистерге орталық коммуникациялар қызметінің кулуарында.

Кейін министрдің орынбасары қайғылы оқиғаның нақты себебіне тоқталды.

"Тұрғындар жолды бөлісе алмаған. Ауылда 3 адам бір көлікте кетіп бара жатқан. Тағы 3 адам жүк көлігінде отырған. Олар ауылдағы жолға шықпақшы болыпты. Кейін қос тарап жолды бөлісе алмаған. Салдарынан олар сөзге келіп, оқиға орнында бір-біріне қол көтерген", - дейді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, мәселені шешкен. Алайда әлеуметтік желідегі ақпараттар жағдайды ушықтырып жіберіпті.

Қордай ауданындағы қақтығыс: қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Тоқаев дұңған баланың видеосына жауап берді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети