РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 июня 2019 | 15:52

"Жоламаңыз!". Сапер Желіде таралған снаряд суреттерін талдап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 маусымда Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімше қоймасында таңнан бастап жарылып ұшқан снарядтар екі адамның өмірін жалмады. Қазіргі уақытта саперлер қала территориясын әлі атылмаған снарядтардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрлігінің саперлері Tengrinews.kz тілшісіне Желіде тараған снарядтардың қаупін айтып, мұндай оқ-дәрі табылған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.


24 маусымда Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімше қоймасында таңнан бастап жарылып ұшқан снарядтар екі адамның өмірін жалмады. Қазіргі уақытта саперлер қала территориясын әлі атылмаған снарядтардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрлігінің саперлері Tengrinews.kz тілшісіне Желіде тараған снарядтардың қаупін айтып, мұндай оқ-дәрі табылған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.

Маманның айтуынша, снарядты тауып алған жағдайда ұстауға болмайды. 

"Снаряд табылған жағдайда оның жатқан жерін әлденемен белгілеп қою қажет. Маңына түрлі түсті материалмен немесе қаппен орап, қадап қою керек. Сосын дереу әскерилерге немесе полицияға хабар беру керек", - дейді маман.

Бұл суретте БМ-21 "Град" оқпанының далалық 122 миллиметрлік дүркіндетіп атуға арналған реактив снарядының бас бөлігі көрсетілген. Ол ашық және жабық күштерді, брондалмаған техника мен бронетранспортерлерді зақымдауға арналған. Жарылғышы жоқ. Оны арнайы мамандар тасымалдай алады. Қаупі - ішінде бірнеше мың сынық бар. 

Басқа ракурстан түсірілген сол снаряд.

Басқа ракурстан түсірілген сол снаряд. Артқы жағында зымыранның реактив бөлігі жатыр. Егер қатты отыны жанып кетпесе қауіпті саналады.

"Анық емес сурет, қателесуім мүмкін. Бірақ, менің білімше, бұл снаряд жарылмаған. Сондықтан өте қауіпті. Жақындауға болмайды", - дейді сапер.

"Бұл 9М27 зымыранының 220 миллиметрлік реактив бөлшегі, фугастық немесе құндақтық. Суреттің масштабы түсініксіз. Бас жағы құндақтық болса, онда өте қауіпті саналады. Себебі дайын зақымдаушы элементтері үлкен территорияға жарылады және жарылғышы соғыс жағдайы тәртібіне көшеді. Яғни бұл әуеде жарылатын снаряд. Оған мүлдем қол тигізбеу керек. Мұндай снаряд сол жатқан жерінде жойылуы тиіс", - дейді маман.


Көліктен түсірілген сол снаряд

Қаупі - детонация болып, жарылады. Оның жарылысы қандай аумақта тарайтыны калибріне байланысты: 500 метрге дейін тарауы мүмкін.

122 миллиметрлік 9М21 жарқыншақты-фугастық зымыранының бөлігі. Отыны жанып кеткен. Соққыдан жарқыншақты фугастық күштен бас бөлігі жұлынып кеткен.  

"122 миллиметрлік 9М21 жарқыншақты-фугастық зымыраны. Бас бөлігі жерге кіріп кеткен. Кез келген жарылмаған снаряд өте қауіпті. Мұндай снарядқа жоламаңыз!", - дейді сапер.

Сапердің айтуынша, сурет арқылы снарядқа толыққанды талдау жүргізу қиын. Сондықтан табылған жағдайда мамандар арнайы киіммен барып тексереді екен. "Барлық реактив снаряд осындай апат жағдайы болып кетпеуі үшін жарылғышсыз сақталады, жарылғыш тек қолданылар алдында бұралып, бекітіледі. Алайда қатты соққыдан детонация болуы әбден мүмкін. Сондықтан сапер бұл санарядты қарап шығуы тиіс", - дейді маман.

Оқи отырыңыз: 

Жарылыстардан кейінгі күн. Арыста не болып жатыр?

Арыстағы жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты

Арыстағы төтенше жағдай: Оқиғаның хронологиясы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети