04 февраля 2020 | 13:13

Жол ережесін бұзған "бөтен" көлік жүргізушілері неге жазаланбаған? ІІМ жауабы

Даурен Ерболат Журналист
Иллюстрация. © avto-nomer.ru

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов өткен жылы шетелдік көлік жүргізушілері жиі жол ережесін бұзғанын, олардың жауапкершілікке тартылмағынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов өткен жылы шетелдік көлік жүргізушілері жиі жол ережесін бұзғанын, олардың жауапкершілікке тартылмағынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, шетелдік нөмірі бар жүргізушілердің көлігін міндетті түрде тіркеу қажет.

Реклама
Реклама

"Оларды заңды түрде тіркеу керек. Бұл жол ережесіндегі қауіпсіздікті күшейтіп, жүргізушінің жауапкершілігін арттырады", - деді ол үкіметтің кулуарында.

Серік Түсіпов шетел көлікгін жүргізетіндердің жол қозғалысы ережесін жиі бұзатынын атап өтті.

"Өткен жылы шетелдік жүргізушілер тарапынан жол ережесін бұзу 3,5 есеге артты. 2018 жылы бұл көрсеткіш 28 мың болды. Бұл өте төмен көрсеткіш еді. Алайда 2019 жылы жол ережесін бұзу 92 мыңға артты. Олардың басым бөлігін жауапқа тарта алмадық", - дейді төраға орынбасары.

Осы орайда ол шетелдік нөмірі бар көлік иелерінің неге заң аясында жазасын алмағынын түсіндірді.

"Біріншіден, бұл жүргізушілер туралы базада мәлімет болған жоқ. Екіншіден, оларды жауапқа тартудың мерзімі өтіп кетті", - деді Түсіпов.

Сонымен қатар, төраға орынбасары сақтандыру компанияларының базасынан тиісті мәлімет алынғанын айтты.

"Біз сақтандыру компания базаларымен интеграция жасадық. Нәтижесінде біз Қазақстан азаматтары шетелдік көліктерімен жол ережесін жылына 430 рет бұзған дерегін анықтадық. Яғни олар күніне шамамен күніне 1-2 рет жол ережесін бұзған. Енді мұндай фактілер болмайды", - деді ол.

ЕАЭО елдерінен келген көліктер. Ең көп қойылатын сұрақтардың жауабы

Айта кетейік, 24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 ақпанға дейін қазақстандықтарға ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырды. Кейін ХҚКО-ларда шетелдік көліктерге "сары нөмірлер" беріле бастаған. Бұл тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды. Қазақстанның ішкі істер министрлігі бұл мәселе бойынша арнайы телефон желісін іске қосқан болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram