Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында игерілмей жатқан 7 миллион гектар жердің мемлекетке қайтарылғанын атап өтті.
"Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек. Қасым-Жомарт Тоқаев: 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұған дейін бұл мәселе туралы бірнеше рет сөз қозғап, ешкімге жер сатылмайтынын айтқан.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр.
Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беріп жатыр. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!