РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 сентября 2020 | 18:10

Жемқорлар көп қала және өлім жазасы. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстандағы ең басты жаңалық өлім жазасының жойылғаны деп айтуға болады. Одан бөлек, еліміздің қай өңірінде пара беретіндер көп екені анықталды. Сондай-ақ, қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова АҚШ-тағы ең танымал шоулардың бірінің финалында жеңілді. Tengrinews.kz тілшісі 24 қыркүйектегі басты жаңалықтарға шолу жасайды. 


Бүгін Қазақстандағы ең басты жаңалық өлім жазасының жойылғаны деп айтуға болады. Одан бөлек, еліміздің қай өңірінде пара беретіндер көп екені анықталды. Сондай-ақ, қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова АҚШ-тағы ең танымал шоулардың бірінің финалында жеңілді. Tengrinews.kz тілшісі 24 қыркүйектегі басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

79 қазақстандықтан коронавирус табылды

Өткен тәулікте (23 қыркүйекте) елімізде 79 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 16
Алматы қаласы - 3
Шымкент қаласы - 1
Ақмола облысы - 4
Алматы облысы - 3
Атырау облысы - 8
Шығыс Қазақстан облысы - 21
Батыс Қазақстан облысы - 2
Қарағанды облысы - 5
Қостанай облысы - 2
Қызылорда облысы - 1
Павлодар облысы - 3
Солтүстік Қазақстан облысы - 6
Түркістан облысы - 4

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 107 529-ға жетті және соның 102 323-і аурудан айыққан. Коронавирус жұқтырған 1680 адам қайтыс болған.


© Тұрар Қазанғапов 

Өлім жазасы жойылды

Қазақстанда енді өлім жазасы болмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттамаға қол қойды.

"Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде жариялады. Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Бірақ мамандардың сөзінше, Қазақстанда өлім жазасы жоқ деп Қылмыстық кодекс пен Конституцияға түзету енгізілгенде айтуға болатынын мәлімдеді.

Қанша қазақстандық шетел түрмесінде отыр?

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қазіргі таңда 735 қазақстандық шетел абақтыларында жазасын өтеп жатыр. Оның 70 пайызы Ресейде - 537 азамат. Біздің азамат болғанымен, олардың тұрмысы, жұмысы, отбасы сол жақта. Егер қайтамын десе, толық мүмкіндігі бар. Себебі екі ел арасындағы шарт бар.

Ал бүгін Парламент Сенатының отырысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында "Сотталған азаматтарды беру туралы шарт" ратификациясы қаралды.


Фото: elements.envato.com

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, шарттың негізгі мақсаты - сотталғандарға жазасын елінде өтеуге жағдай жасау.

БАӘ елінде сотталған қазақстанды елге қайтару үшін сотталған адамның келісімі керек, үкім күшіне енуге тиіс, сондай-ақ, әрекет екі жақта да қылмыс болып есептелуі керек және басқа да негіздер бар.

Ал егер қылмыскерді қайтару ел егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де ұлттық мүдделеріне нұсқан келтіруі мүмкін болса немесе әскери қылмыс болып саналса, екі ел бір-біріне сотталған азаматтарын бермейді.

Қазақстанда қай өңірлерде пара жиі беріледі?

Бүгін Қазақстанның қай өңірлерінде жиі пара берілетіні белгілі болды. Жалпы елімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар саны бір жылда 11 пайызға өскен.

Сарапшылардың есептеуінше, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы 1,6 мың сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген - бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,6 пайызға аз.

Олардың үштен екісі парақорлық жағдайлары екен. Жыл басынан бері елде парақорлықтың 993 жағдайы тіркелген, бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға көп. Оның ішінде 555 жағдай - пара алу, 404 жағдай - пара беру, 34 жағдай делдалдық.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, сарапшылардың айтуынша, Батыс Қазақстан облысы парақорлық бойынша антилидер қалалардың тізімінде: онда 97 жағдай тіркелген. Екінші және үшінші орындарда Алматы (87 жағдай) және Шығыс Қазақстан (76 жағдай) облыстары тұр.

Данэлия Төлешова финалда жеңіліп қалды

Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауының финалында жеңіліп қалды. Биылғы America's Got Talent шоуының жеңімпазы Брендон Лейк болды. Ол бір миллион доллар жеңіп алды.

Дауыс беру қорытындысы шоудың ресми парақшасында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от America's Got Talent - AGT (@agt)

Төлешова финалда австралиялық Сианың Alive әніне кавер орындаған болатын.

Конкурс нәтижесі жарияланғаннан кейін Данэлия әсерін айтты.

"Менен бұл жерде шоуда жеңіп, миллион алсаң не істейсің деп жиі сұрайтын. Шынымды айтсам, мен бір рет те жеңіс туралы ойламадым, тіпті адамдар мұнша ақшаны не істейтінін елестете де алмаймын. America’s Got Talent шоуына қатысу – өмірдегі қандай да бір кезеңнен өту емес. Үздіксіз еңбектенсең, көп нәрсеге қол жеткізуге болатынына шоу арқылы тағы көзім жетті. Қазір жарты жыл бойы күн сайын жасаған жаттығулар артта қалды, бұл тағы қайталана ма, білмеймін. Бірақ бұл - керемет тәжірибе", - деді жас әнші.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети