"Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары Желтоқсан оқиғсының 35 жылдығын ресми деңгейде атап өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары Желтоқсан оқиғсының 35 жылдығын ресми деңгейде атап өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"1986 жылы әлемдік алпауытқа айналып тұрған қаһарлы Кеңес империясынан теңдік сұрап, Азаттық үшін алаңға шыққан көтеріліске биыл 35 жыл. Жетпіс жылдық тас бұғау да жігерін жасыта алмаған, ұлттық намысын тұншықтыра алмаған Қазақ жастары алаңға шыққан күн - Тәуелсіз ел үшін ең қастерлі күндердің бірі болуы тиіс! Қазақ жастары қылышынан қан тамған кеңес империясы кезінде алаңға нан үшін шыққан жоқ, намыс үшін шықты! Пұл сұрап шыққан жоқ, Тіл сұрап шықты! Жоғалып бара жатқан Ұлттық Рухтың алаңға шыққан аттаны еді бұл!", - депутат Қазыбек Иса.
Сонымен қатар, депутат Желтоқсан оқиғасы құрбандарына "Халық Қаһарманы" атағын беру мәселесін де көтерді.
"Ресей 1991 жылғы 19 тамызда Мәскеуде болған ГКЧП бүлігінде топалаңда танкінің астына түсіп қалған үш адамға "Ресей Батыры" атағын берді. Бізде неге ел тәуелсіздігі жолындағы нағыз көтерілісте мерт болған Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларға "Халық Қаһарманы" атағын бермеске?" - деді депутат.
"Қаралы хабар келген күн". Ләззат Асанованың анасымен сұхбат
Осылайша депутат "Ақ жол" партиясының атынан бірнеше ұсыныс жасады.
"Біріншіден, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Кеңестік қызыл империяға қарсы шыққан Желтоқсан көтерілісі - ұлт азаттық көтеріліс ретінде танылып, бағалануы қажет. Екіншіден, Қазақстан Президенті еліміздегі айрықша атаулы күндер қатарында атаған Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы ресми деңгейде атап өтілуі керек. Үшіншіден, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы заңға Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларды қолдап, көтермелейтін арнайы өзгеріс енгізілуі керек.
Төртіншіден, Желтоқсан көтерілісіне қатысып, оқудан, жұмыстан шығып қалғанын әлі растай алмай жүрген азаматтарды "Желтоқсан көтерілісіне қатысушы" ретінде тануда қолдан жасалған қаптаған кедергіні жойып, анықтама алуды жеңілдету керек. Бесіншіден, азаттықтың алғашқы қарлығаштары - Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы тиіс. Жастарымызға патриоттық тәрбие беру үшін оқулықтарда жеткілікті жазылуы қажет. Қазақстан қалаларында Желтоқсан қаһармандарына арналған алаңдар ашылып, монументтер орнатылуы тиіс", - деді Қазыбек Иса.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!