РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 июля 2019 | 22:29

Желіде Арыстағы жарылыстар кезінде ерлік көрсеткен әскерилер жайлы видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Желіде Арыстағы жарылыс кезінде өз міндетін бірінші кезекке қойып, отан алдындағы борышын атқарған әскерилерді ұлықтайтын видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Арыстағы жарылыс кезінде өз міндетін бірінші кезекке қойып, отан алдындағы борышын атқарған әскерилерді ұлықтайтын видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликте Арыстағы жарылыста қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың өз міндетін қалтқысыз атқарғаны сөз болады.

"Кей уақытта БАҚ-та, әсіресе әлеуметтік желілерде билік басында жүрген азаматтарға қатысты түрлі сын әңгімелер көбейіп кеткенін байқаймыз. Оның ішінде аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқандары да бар. Не болса соны айтып, билік өкілдерін айыптап, хайуанаттарға теңегендерін де байқап отырмыз. Әрине, мәселенің төркіні Арыс болса, арсеналдың жағдайы мен тәртібіне жауап беретін бірнеше нақты лауазымды қызметкерлер бар, дегенмен қарулы күштерге барлық мәселеге министрдің өзі жауапты екенін айтып өткен болатын. Ал оның басты міндеті - жалпы қарулы күштердің даярлығын сақтау. Халық Арысты тастап, алыстап жатқанда тікелей министр басқарған бір топ әскерилер мен тәжірибелі мамандар болып жатқан жарылыстың жалғасуына қарамастан, сол жерге барып, ондағы мән-жайды толық тексеріп, нақты жоспарлар құрып, қайталанбауына қарсы әрекеттер жасай білді", - делінген видеода.

Сондай-ақ Арыстағы арсенал әскери бөлім мен әскерилердің қызметтік қыралығын емес, егеменді еліміздің қауіпсіздігі мен тұтастығына арналғанын ескеруге болатыны айтылады. 

"Арыстағы әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері ауыр климаттық жағдайға қарамастан өз еріктерімен емес, отан алдындағы борышы мен бұйрығын орындап, осы жолда қайтпас қайсарлығымен айнымас шыдамдылық танытатынын, ары мен намысын жоғары қойып, абыройлы іс атқарды", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Төрт жарым минуттық роликте әлемнің барлық әскері қару-жарақтары мен әскери шығындарын көбейтіп, қарулануда және қатал соғысқа дайындық үстінде екені, сондықтан бізге де жауынгерлік дайындықты әлсіретпей, қайта қолдауымыз керек екені айтылады. 

Мұнымен бірге, төтенше жағдай болған күні министрдің қалай әрекет еткені айтылады.

"Ал қорғаныс министрінің өзіне келетін болсақ, төтенше жағдай орын алған күннен бастап, қазіргі уақытқа дейін бірнеше рет Арыста болып, өзінің қызметін, міндетін жүйелі түрде орындап жатқаны байқалады. Жүргізіліп жатқан іс-шараларды тікелей өзінің бақылауына алып, сарбаздар атқарған жұмыстарымен танысып, біліктілігі мен қарапайымдылығын көрсете білді. Ұдайы жауынгерлік даярлықты бірінші орынға қойып, әскери бөлімдердің жеке құрамымен жұмыстар жүргізілді. Демек, өзінің қызметіне жауапты, антына адал екенін дәлелдей білді. Министр өзіне жүктелген міндеттерді орындап келеді және әрекет жасай алатынын көрсете білді. Ең бастысы министр қалыпқа келтіру жұмыстарына дұрыс шешім қабылдап, оны іске асыруды қолға алды. Мәселені сөзбен емес, істеген ісімен көрсетуге кірісіп кетті", - делінген видеода.

Кадр сыртындағы дауыс желіде негізсіз сын айтатындар туралы былай дейді: 

"Менің ойымша, қазіргі таңда әлеуметтік желіні пайдаланып, не болса соны айтып, өзінің сауатсыздығын көрсетіп, өзінің тілін, елін құрметтемегендігінің белгісі деп айтар едім. Мұндай әрекеттер қарапайым халық пен билік арасына от салып, ішкі тұрақсыздықты көздейтіндерді қазақ халқының бетіне күйе жаққанмен тең бе деп түсінер едім".

Роликтің соңғы бөлігі кейбір елдердегі берекесі қашып, тыныштығы кеткен жағдай мысалға келтірілген.

"Біз әлемнің кейбір елдерінде орын алып жатқан жағдайларда оның бастамасы билік өкілдеріне қарсы наразылар акциясы болып, артынша сыртқы саясаттың ықпалынан ел ішінде азамат соғысына ұласқанын білеміз, солардың ішінде кеңес заманындағы одақтасымыз Украинадағы жағдайды айтуға болады. Ата-бабаларымыз қаншама қиыншылықтар қабырғаларын қайыстырса да, қаралы түннің артынан ашық аспан мен жарық күннің болатынына үміт көзімен қараған. Қазір Аллаға шүкір, ел тыныш, жұрт аман. Қазақта "Төртеу түгел болса төбедегі келеді, Алтау ала болса, ауыздағы кетеді" деген нақыл сөз бар. Сондықтан да біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз ешкім бұза алмайтын алып қорған екен", - деп үндейді видео авторлары.

Мұның алдында Қазақстанның қорғаныс министрлігі Арыстағы төтенше жағдай жайлы фильм түсірген еді. Фильм авторлары қала маңында жарылыс басталғанда тұрғындардың алғашқы сәттерде өткерген қиындықтарын көрсеткен. 

Еске салайық, биыл Түркістан облысы Арыс қаласында 24 маусымда әскери қоймада жарылыстар болған. Қала тұрғындары түгелдей дерлік эвакуацияланды. Снаряд екі күн бойы тоқтамай жарылып, салдарынан бір бейбіт тұрғын мен екі әскери қызметі қаза тапты. Оқиға орнына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып бірқатар нақты тапсырма бергеннен кейін эвакуацияланған халықтың жағдайын білген еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети