РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 февраля 2021 | 11:38

"Жеке куәлік суреті, тауар сату". Интернет-алаяқтықтың кең таралған түрі аталды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Интернет-алаяқтар әдейі тауардың бағасын арзандатады немесе тез жеткіземіз деп алдайды. Сатып алушылардан арнайы дайындап қойған адамның есепшотына ақшаны ішінара немесе толық аударуды сұрайды. Я болмаса жеке куәліктің фотосы арқылы онлайн-несие рәсімдейді. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов елімізде кең таралған интернет-алаяқтық түрін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернет-алаяқтар әдейі тауардың бағасын арзандатады немесе тез жеткіземіз деп алдайды. Сатып алушылардан арнайы дайындап қойған адамның есепшотына ақшаны ішінара немесе толық аударуды сұрайды. Я болмаса жеке куәліктің фотосы арқылы онлайн-несие рәсімдейді. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов елімізде кең таралған интернет-алаяқтық түрін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір интернет-алаяқтықпен күрес - полицияның өзекті бағыттарының бірі. Қылмыскерлер компьютер, смартфон, планшет және басқа технологияларды пайдаланып, интернет пайдаланушылардың ақшасын ұрлайды. (...) Өкінішке қарай, киберқылмыс көбейді, оның ішінде интернет-алаяқтық жиілеп кетті. Өткен жылы мұндай 14 мың қылмыс, осы жылдың қаңтарында 1700-ден аса қылмыс тіркелді. Көбіне алаяқтар елдің түрлі аймағында отырады. Қылмыскерлер ақша алу немесе әлеуметтік желідегі парақшаға, электрон шоттарға кіру үшін әлеуметтік инженерия әдісін пайдаланады", - деді Қанат Нұрмағамбетов ІІМ Facebook желісіндегі онлайн-брифингте.

Спикер ел арасында ең көп тараған алаяқтық түрін атап, сақ болуға шақырды.

"Елімізде 9-11 ақпан аралығында шұғыл-профилактикалық шара өткізілді. Үш күнде 300-ден аса қылмыс тіркелді, бұрын анықталған 289 интернет-алаяқтық қылмыс ашылды. Ең көп тараған интернет-алаяқтық түрі: тауар сату немесе қандай да бір қызмет түрін ұсыну туралы хабарлама жариялау. Алаяқтар әдейі тауардың бағасын арзандатады немесе тез жеткіземіз деп алдайды. Сатып алушылардан арнайы дайындап қойған адамның есепшотына ақшаны ішінара немесе толық аударуды сұрайды. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Instagram желісінде IPhone сатамын деп алдаған алаяқ жас жігітті ұстады. Ол 15 рет алаяқтық жасап, 3 миллион теңгеге жуық залал келтірген. Микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие алу көбейіп кетті. Мысалы, Шымкент тұрғыны құжат табылды деген хабарламаны көреді. Содан кейін суреттен адамның жеке куәлігіндегі деректерді пайдаланып, алаяқ түрлі облыстан 50-ден аса адамның атынан несие алған", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети