РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 февраля 2023 | 11:44

"Жайдарман" - Мәжіліс депутаттығына үміткер Есен Елеукен маңызды шешімі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жайдарманның" негізін қалаушы Есен Елеукен Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлігін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жайдарманның" негізін қалаушы Есен Елеукен Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлігін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есен Елеукен бұндай маңызды шешім аяқасты қабылдана салатын дүние емес екенін және бұрын да талай ұсыныстар болғанын айтты

"Бірақ өзімді дайын емеспін деп бас тартып келгенмін. Алайда қазір ойланып отырсам, жастардың арасында жүрмін дегенмен, жасым, міне, биыл елуге келеді. Жер ортасына келдім. Енді Жайдарманда жинаған тәжірибемді, білігімді және бар ынта-жігерімді көрсететін кез келді деп ойлаймын. Сондықтан, бұрын қоғамдық қызмет ретінде атқарған жұмысымды жоғары мемлекеттік деңгейге көтеріліп, заң жүзінде, жүйелі түрде көтеріп, шешетін уақыт келген сияқты", - деді Есен Елеукен.

Ол саясатқа кетсе де, "Жайдарманмен" байланысын үзбейтінін айтты.

"Жүргізуші болмасам да, тұрақты түрде келемін. Аға ретінде ақыл-кеңесімді айтып, қадағалап отырамын. Өйткені өзім де осы қауымның бір мүшесімін деп есептеймін.

Жалпы Жайдарман – тамырын жайып, өзінің жолы мен бағытын айқындаған, еліміздің түпкір-түпкірінде филиалдары бар, өздігінен сартылдап жұмыс істеп тұрған жүйе. "Жайдарманның" бір ерекшелігі - креатив индустрияны қалыптастырды. Мәдениет саласының кез келген бағытынан біздің жайдарманшыларды табасыз. Бұдан бөлек өңірлерде депутат болған да, ұлттық компанияларда басшылық қызметте отырған да жайдарманшылар аз емес. Бір сөзбен айтқанда, "Жаңа Қазақстанда жастар мұнай болса, "Жайдарман" сол байлықты игеріп, өңдейтін ұлттық компания" деп сипаттар едім", - дейді Есен Елеукен.

Сондай-ақ, ол депутаттыққа үміткер болуына жақындары мен жайдарманшылардың пікірі де әсер еткенін айтты.

"Өйткені олар бұрыннан "депутат болсаңызшы" дейтін. Жайдарманшылар дегеніміз жастар ғой, ал олар өздеріне қолжетімді, кез келген уақытта билікке өз үнін, датын жеткізе алатын адамның Парламент Мәжілісінің депутаты болғанына қуанатыны анық. Сондықтан, бұл шешімімді өзіме сеніп отырған қоғамның аманатын арқалау деп түсінемін", - деп қорытындылады Есен Елеукен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети