РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 марта 2020 | 14:27

Жапонияда тұратын қазақ жұртқа 5 мың маска тегін таратып берген

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүкіл әлемде қауіпті коронавирус індеті тарап, елдер қиын-қыстау заманды бастан кешіп жатқанда, өзге елде жүрген қазақтар бір-біріне қолдау көрсетуге тырысып жатыр, сонымен қатар, мемлекетке де көмектескен жан бар. Жапонияда тұрып жатқан 38 жастағы Әбдібек Қалибек Токиода медициналық маска таратқан. Оның мейірімді әрекеті жайлы толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Бүкіл әлемде қауіпті коронавирус індеті тарап, елдер қиын-қыстау заманды бастан кешіп жатқанда, өзге елде жүрген қазақтар бір-біріне қолдау көрсетуге тырысып жатыр, сонымен қатар, мемлекетке де көмектескен жан бар. Жапонияда тұрып жатқан 38 жастағы Әбдібек Қалибек Токиода медициналық маска таратқан. Оның мейірімді әрекеті жайлы толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Әбдібек Қалибектің Жапонияда тұрып жатқанына 18 жыл болған. Ол - PhD атағы бар педиатор-хирург, медициналық туризммен айналысатын компания иесі. Оның айтуынша, Жапония қазірдің өзінде маска тапшылығын сезіп отыр, медициналық орталықтардан басқа дүкен, дәріханаларда маска мүлде табылмаған кездер де болыпты. Ал отандастарына берген маскалар, жеке компаниясының қорынан алынған, Қытайда жаппай вирус таралып жатқаны белгілі болғанда, олар төтенше жағдайға деп артық жинап қойған екен.   

"Маған осында тұратын қазақстандық бір жігіт маска керек еді, қиналып тұрмын деп хабарласты. Жапониядағы басқа да Қазақстан азаматтары маска таба алмай жүр дегенді естідім. Өзімде бес-алты мың данадай болған. WhatsApp-та қазақтар жиналған топ бар, солармен байланысып, сұрауы бойынша бәріне таратып бердім. Бір адамға 10 маскадан. Отбасында төрт адам болса - 40, кейде одан да көп", - дейді ол.  

Ол сонымен қатар, елімізде болып жатқан жағдайды естіп, бір апта бұрын Қазақстан елшілігіне көмекке 5000 маска, 200 арнайы костюм мен 30 шақты көзілдірік жіберіпті.   

Жапонияда да билік өкілдері екі апта бұрын халыққа қажет болмаса далаға шықпауға үндеу жасапты. Балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарында сабақ тоқтаған, жұмыс онлайн режимге көшкен. Наурызда Жопонияда оқу жылы аяқталады екен. Соған байланысты ұйымдастырылатын шаралар кейінге қалдырылыпты. 

"Үкіметтегілер халыққа далаға шығуға тыйым салған жоқ, тек өтініш жасады. Жапондар сөз естиді ғой. Елде коронавирус өрбіп кете ме деп қатты қорықтық. Алайда вирус біз ойлағандай аса қатты тараған жоқ. Қазір тіпті соңғы жаңалықтардан зерігіп те кеттік. Маскасыз да жүретін жағдайға жеттік. Алаңдау азайды. Әрине, алғашында үш аптадай үйден шықпай, үрейлендік", - дейді Әбдібек Қалибек. 

Дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда Жапонияда маска тапшы.

"Жапонияда тәртіп жақсы болғанымен, Ғаламторда маска үшін төбелескен адамдар туралы да ақпараттар шықты. Таңертең ерте барып маскаға кезекке тұрғанда төбелес шыққан. Ауруханалардан да ұрланып жатыр", - дейді ол. 

Әбдібек Қалибек Жапонияда маска тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты. 

"Білуімше, Қытайда коронавирус тараған кезде елге маскаға миллиондап тапсырыс түсті. Сол кезде бизнесмендер дүкенде сатылып жатқан маскаларды Қытайға жіберді. Абырой болғанда, Жапония бизнесін ұзақ мерзімге ойластырады, сондықтан бір-екі жылда елде төтенше жағдай болып қала ма деп компаниялар маска сатуды тоқтатты. Қазір медициналық мекемелерде дәрігерлерде маска бар, әзірге жетеді. Ал халықтың қолына тимей жатыр. Себебі Жапония маскаларының 80 пайызы Қытайда шығарылады. Ал онда коронавирусқа байланысты шекара жабылғанын білесіздер. Осылайша Жапония зауыттары шығарып қойған дайын маскаларын әлі күнге дейін елге алып келе алмай жатыр", - дейді ол. 

Қазір ел өзі маска шығаруға инвестиция құйып, осы бағытта күш салып жатыр екен. 

Ал қазақстандықтарды ол үкіметке халық болып көмектесуге шақырды.

"Тыныш қана үйде отырған дұрыс, қазіргі таңда коронавирусты жеңудің жалғыз жолы да осы сияқты. Кейін гигиена сақтау керек. Вирус пластмасса, темір, лифтте біраз уақытқа дейін өмір сүре береді, сондықтан қолды жиі жуу керек. Жапондар негізі қол алысып амандаспайды, балаларын да кішкентайынан үйге келгенде қол жууға, аузын шаюға үйретеді, іш киімін күнде ауыстырады, сондықтан болар бізде қазір ауру салыстырмалы қатты тарап жатқан жоқ", - дейді ол. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети