Әлеуметтік желіде Қостанай облысында түсірілді деген жазбасы бар видео тарап жатыр. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ролик Қазақстанда түсірілмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Қостанай облысында түсірілді деген жазбасы бар видео тарап жатыр. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ролик Қазақстанда түсірілмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде түсірілген видеода өртсөндірушілер экипажы отқа оранған орман ішіне кіріп бара жатқаны көрсетілген.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли видеоға қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, бұл видеоның Қостанай облысындағы өртке қатысы жоқ екен.
"Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейде түсірілген. Мұқият қарасаңыз, киімдерінде "МЧС России" деп жазылып тұр. Сондықтан, бұл Қостанай облысында түсірілді дегені - жалған ақпарат", - деді ол.
Айта кетейік, 5 қыркүйекте 13:00-дегі ақпарат бойынша, Қостанай облысында өрт сөндіру орман аймағында 5 учаскеде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) жүргізіліп жатыр, жиегінің жалпы ұзындығы - 5 шақырым. Барлығы 91 тұрғын үй өртенген: Аманқарағай ауылында 85 және Озерный ауылында 6 үй.
10 адам (5 адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жарақат, күйік алып, жеңіл және орташа ауырлықтағы улану оқиғаларына ұшырады, 1935 жылғы туған бір адам қаза тапты.
Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.