20 мая 2020 | 14:13

"Жануардан адамға тарады". СOVID-19 вирусы туралы ерекше деректер

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Reuters

Әлемде СOVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 4,8 миллионнан асты. 1,6 миллион науқас айықса, 322 861 адам аурудан көз жұмды. Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина дайындау 1,5-3 жыл уақыт алатынын айтады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі қауіпті індетті жұқтырудың ерекше жағдайына шолу жасап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемде СOVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 4,8 миллионнан асты. 1,6 миллион науқас айықса, 322 861 адам аурудан көз жұмды. Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина дайындау 1,5-3 жыл уақыт алатынын айтады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі қауіпті індетті жұқтырудың ерекше жағдайына шолу жасап көрді.

"Індетті иттер де жұқтырды"

Реклама
Реклама

23 наурызда Гонконгте иттердің қауіпті індетті жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (OIE) хабарлайды.

Олардың иесі СOVID-19 вирусы диагнозымен ауруханаға жатқызылыпты.

"18 наурызда бір үйде тұратын екі ит карантинге алынды. Олардың иесі COVID-19 жұқтырып, ауруханаға жатқызылған. Иттер карантин орталығына орналастырылған соң олардың аузынан, тұмсығынан, тік ішегінен жағынды алынды. 18-19 наурыздан иттердің бірінен алынған сынама SARS-CoV-2 вирусына оң нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

Алайда 2 итте аурудың белгілері байқалмаған.

"Вирус адамнан мысыққа жұққан"

27 наурызда Бельгиядағы Льежск университетінің зерттеушілері адамнан мысыққа коронавирус жұққанын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.

Ол тыныс алғанда қиналған және диарея болған.

"Мысық COVID-19 вирусын иесінен жұқтырған. Бұл дерек расталды", - деді коронавирусқа қарсы штабтың өкілі Эмманиэль Андре. 

Ал Бельгияның коронавирус жөніндегі ғылыми комитетінің басшысы Стивен Ван Гухт мысық иесімен тұрғанын атап өтті.

"Мысық вирус жұқтырған иесімен бірге тұрған, онымен тығыз қатынаста болған", - деді вирусолог.

Осы орайда ел билігі тұрғындарға жеке бас тазалығын қатаң сақтауға кеңес берді. 

"Егер ауырсаңыз, жануарлармен байланыспаңыз, оларды ұстағаннан кейін қолыңызды жуыңыз. Жануарлардың бетіңізге жақындауына жол бермеңіз", - дейді Бельгияның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі федералдық агенттік.

"Коронавирус жолбарыстан табылды"

5 сәуірде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Бронкс зообағында Нади деп аталған 4 жастағы малай жолбарысынан коронавирус анықталды, деп жазды Deutsche Welle басылымы.

"COVID-19 вирусына тән құрғақ жөтел Надиден және оның әпкесі Азулдан, сондай-ақ 2 Амур жолбарысынан және 3 Африка арыстанынан байқалды. Тест сынамасы оң нәтиже көрсетті. Жолбарыстың қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Жануарлар індетті "симптомсыз" ауырған зообақ қызметкерінен жұқтырған. Бұл коронавирустың адамнан жабайы жануарға жұққан алғашқы дерегі болып саналады. 

"Қаракүзеннен адамға жұқты"

Нидерландыда қаракүзеннен адамға COVID-19 вирусын жұғу дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы Нидерланды ауыл шаруашылық министрлігі үкіметке жолдаған хатында жазылыпты.

Сәуірде Нидерландыдағы фермада екі қаракүзеннен коронавирус анықталды. Жануарлардың тыныс алу жолдары және ас қорыту жүйесі нашарлаған. Олардан тест сынамасы алынды. Билік бірден жергілікті фермаларды жауып тастады. 

Нидерланды министрі Карола Схаутен "COVID-19 вирусы жануардан адамға тарауы мүмкін емес" деген пікір қате екенін мойындап отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram