РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 сентября 2020 | 13:41

"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Бірден Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Жағдай ушықты деген Армения мен Әзербайжан үкіметі де елдің бірқатар аймағында соғыс жағдайын енгізді.


27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Бірден Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Жағдай ушықты деген Армения мен Әзербайжан үкіметі де елдің бірқатар аймағында соғыс жағдайын енгізді.

Ел президенттері мен танымал тұлғалар екі мемлекет арасындағы қақтығысқа алаңдап отыр. Tengrinews.kz тілшісі дүние жүзін дүрліктірген жағдайға байланысты айтылған пікірлерді ұсынады.

27 қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі алғашқылардың бірі болып мәлімдеме жасап, Таулы Қарабақта болған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіретінін хабарлады.

"Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз. Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз", - делінге Қазақстан үкіметінің хабарламасында.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Вашингтон жағдайды бақылап отыр. 

"Біздің сол аймақтағы қарым-қатынасымыз жақсы. Мұны (шиеленісті - ескерту) тоқтата аламыз ба, оны көреміз", - деді ол.

Америкада танымал тұлғалардың бірі, Трамптың президент сайлауындағы қарсыласы, Демократиялық партия өкілі Джо Байден де алаңдаушылық білдірді. Ол бұл аймақтағы жанжал одан әрі ушыға түсуі мүмкінін атап өтті. Сондықтан Байден тараптарды деэскалацияға шақырды.


Армения Қорғаныс министрлігінің кадры

Сондай-ақ НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия бойынша бас хатшының арнайы өкілі Джеймс Аппатураян "Қарабақтағы қақтығыс тараптары ұрыс әрекеттерін дереу тоқтатып, жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін келіссөздерді қайта бастауы керек" екенін айтты.

"НАТО Қарабақ қақтығыс аймағындағы байланыс аймағындағы ұрыс қимылдары туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдірді. Екі тарап салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан ұрыс қимылдарын тоқтатуы қажет. Бұл жанжалды соғыспен шешу мүмкін емес. Тараптар мәселені шешу үшін келіссөздерді қайта бастауы керек", - деп мәлімдеді Аппатурай.

Әзербайжан 550 армян әскері қаза тапқанын және жараланғанын мәлімдеді - БАҚ

Ал актриса, фотомодель Ким Кардашьян Әзербайжанмен қақтығыста Арменияны қолдады. Кардашьянның пікірінше, Армения Әзербайжанның негізсіз шабуылына ұшырап, Бакудың жалған ақпарат тарату науқанының құрбаны болған.

"Жаңалықта қате кеткен, бұл қақтығыс емес... Аймаққа тергеу жүргізу үшін халықаралық бақылаушыларды жіберуге, сондай-ақ қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін халықаралық саяси және дипломатиялық шараларды қолдану қажет", - деп жазды ол Instagram Stories-те.

Сонымен қатар, ол өз оқырмандарын Ақ үйге және АҚШ Конгресіне хабарласып, Түркияның қақтығысқа қатысуына жол бермеу және Әзербайжанның армяндарға қарсы кез келген әскери ұрысты тоқтатуды сұрады.

Ал Таулы Қарабақ Республикасының (мойындалмаған мемлекет) сыртқы істер министрі Масис Маилян Әзербайжан тарапынан қысымды ұстап тұру үшін Таулы Қарабақты мойындау жеткілікті екенін айтты.

Ол көптеген ел мен халықаралық ұйым әскери қақтығысты тоқтатуға шақырса да, Түркия Әзербайжанды қолдап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Түркияның Таулы Қарабақтағы қақтығысқа араласуы жағдайды қиындатады. 

"Әйтпесе бұл аймақтағы геосаяси жағдайды қатты өзгертеді", - деді Қарабақ сыртқы істер министрі.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш танк жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды

Сондай-ақ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мен Түркия СІМ Мевлют Чавушоглу Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылады. Бұл туралы РФ дипломатиялық ведомствосының сайтында хабарланды.

Хабарламада Лавровтың "әскерилер жарақат алуына және қайтыс болуына себеп болған әскери қақтығысқа алаңдайтыны" жазылған. Сондай-ақ Ресей тезарада оқ атуды тоқтатуға шақырып, жағдайдың реттелуіне бітімгер болуға дайын екені хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети