Жаңа жыл қарсаңында алматылықтарға алаңда қыдыруға рұқсат беріледі. Бірақ ең көп дегенде 5-6 адам болып, топтасып жүруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа жыл қарсаңында алматылықтарға алаңда қыдыруға рұқсат беріледі. Бірақ ең көп дегенде 5-6 адам болып, топтасып жүруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОҚК онлайн-брифингінде айтты.
"Әрине, қазіргі уақытта біз халықтың көп болып шоғырлануына қарсымыз. Адамдар ғимаратта жиналсын, ашық ауада жиналсын - біз қарсымыз. Бірақ ашық аспан астында Жаңа жыл түні қыдырғысы келетіндерге біз қалай кедергі келтіре аламыз? Тек маскамен және көп болса 5-6 адам болып топтасып жүре алады. Айта кетейін, адам саны 10-нан асса ол адам көп шоғырланғанын білдіреді", - деді Бекшин онлайн-брифингте.
Бұдан бөлек, бас санитар дәрігер қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық ертеңгілік пен корпоративтерге тыйым салынғанын ескертті.
Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Алматының "сары" аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің 8 желтоқсандағы деректері бойынша Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Барлық қалған өңір "жасыл" аймақта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!