РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 сентября 2021 | 20:34

Жамбылдағы жарылыс: қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. © Куәгерлер жолдаған суреттер Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. © Куәгерлер жолдаған суреттер

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімінің орынбасары AIBAT жаңалықтар қызметіне эксклюзив сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді. Талғат Шадиұлының айтуынша, 15 миллион теңгенің 5 миллионы жергілікті, ал 10 миллионы республикалық бюджеттен бөлінбек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Сондай-ақ, осы отбасылардың банкте несиесі болса, соны да өтеу жағы қарастырылады. Бүгінде қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Қосымша пәтер кезегінде тұрғандары болса, оларға жәрдем беру қолға алынады.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған. Ал Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 31 тамызда отставкаға кеткен еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети