10 января 2022 | 16:21

Жамбыл облысында әкімдікті өртеген бүлікшілер ұсталды

Сурет Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлынан

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы өңірдегі қауіпсіздік және террорлық шабуылға қарсы күрес операциясы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы өңірдегі қауіпсіздік және террорлық шабуылға қарсы күрес операциясы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Асқарұлының айтуынша, кейінгі күндері Жамбыл облысында 20 қылмыстық, 104 әкімшілік іс қозғалды.            

"Облыс орталығы Тараз қаласында террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, 269 бүлікші ұсталды. Олардың арасында облыстық әкімдікті өртеген лаңкестер де бар. Сонымен қатар, 10-ға жуық қарулы қылмыскердің көзі жойылды. Қылмыскерлерді ұстау және жедел іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Облыс бойынша 29 блок-бекет қойылды.

Бүгінде Жамбыл облысында жағдай тұрақталды. Өңірдегі ахуал жергілікті биліктің құрған жедел штабының қатаң бақылауында тұр", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы басқа да нысандар бойынша түсініктеме берді. 

"Бүлікшілер облыс әкімдігінен бөлек, Nur Otan партиясы филиалының және Полиция департаментінің ғимараттарын өртеген. Зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Зардап шеккен әлеуметтік нысандар жоқ.

ТЖ бекеті, әуежай, әскери қоймалар және басқа да маңызды объектілер қорғауға алынды. Сондай-ақ, "Отар" әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қарулы күштермен қорғалды", - деді Асқарұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram