РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 сентября 2019 | 13:52

Жалақысы, көлігі, хоббиі. Сіз кімсіз, Аружан Саин?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Саин. © Tengrinews.kz Аружан Саин. © Tengrinews.kz

Аружанның Саинның қайырымдылықпен айналысып жүргеніне 25 жыл болған. Биыл 18 шілдеде Президенттің Жарлығымен ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі тележүргізуші ретінде ғана емес, қайырымдылық қорымен де елге танылған Аружан Саин туралы мәліметтер жинады. 


Аружанның Саинның қайырымдылықпен айналысып жүргеніне 25 жыл болған. Биыл 18 шілдеде Президенттің Жарлығымен ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Tengrinews.kz тілшісі тележүргізуші ретінде ғана емес, қайырымдылық қорымен де елге танылған Аружан Саин туралы мәліметтер жинады. 

Эколог мамандығын бітірген

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылордада дүниеге келген. 

Мектеп кезінен балетке қатысып, еңбекқұмар болған оның алғашқы табысы 13 жасында келген - Аружан газет сатып ақша тапқан. Бірақ ақша жетпегеннен емес, өз-өзін жетілдіру үшін жасалған қадам екенін айтады. 

Екі жылдан соң ол Қызылордадағы Мәдениет орталығында хореографиядан сабақ берген. 

Мектепте болашақ тележүргізуші география пәнін жақсы көрген, түрлі республикалық олимпиадаларға қатысқан. Сондықтан жоғары оқу орнына түсерде мамандық таңдау оған қиын болмады - әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экология факультетіне түседі. 

Бірақ Саинның аты эколог емес, тележүргізуші ретінде шықты. Ол 1993 жылы "Хабар" телеарнасының "Разминка" бағдарламасын жүргізген. Кейін "Быстро и Вкусно", "Звездное меню", "Еркемай", "Мамина школа", "Спокойствие, только спокойствие" және "Подари детям Жизнь" бағдарламаларында жүргізуші болған. 

Бірде Аружан Саин емге қаражат таппай, көмекке мұқтаж ауру балаларға көмектесу туралы ойлай бастайды. Сөйтіп, балаларға көмек көрсететін қайырымдылық қорын ашуды көздейді. Осылайша, 2006 жылы "Милосердие" атты қор ашады. Аружан Саинның қоры балалар үйіне, көмекке мұқтаж сырқат балаларға көмектесумен айналысады. 

"Мемлекеттік қызмет ұнамайды"

Аружанның балаларға жасап жатқан жақсылығы назардан тыс қалмады. Биыл жазда Мемлекет басшысы оны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындаған. Бірақ ол өзінің сүйікті ісін тастамайды. 

"Менің сүйікті жұмысым бар. Ол - телевизия. Ол менің өмірім. Өз өмірімді сүйікті нәрсеме арнағым келеді. Маған шығармашылық ұнайды. Мемлекеттік қызмет ұнамайды. Егер біздің азаматтық парызымыз туралы айтсақ, менің жолым - қайырымдылық қорым. Адамдарға, мемлекетіме көмектескім келеді. Оған ештеңе бөгет емес", - деген еді Аружан былтыр "The Эфир" бағдарламасына берген сұхбатында. 

Аружан Саин бүгінге дейін екі фильмге түскен. "1997. Записи Рустема с картинками" және "Студент" фильмдерінде ойнаған. 

"Арманым - кино. Кино түсіру, кинода ойнау. Маған өте қызық. Өзімді жаман кейіпкер ретінде көргім келеді. Бұл өнер", - дейді ол. 

Жалақысы - 200 мың теңге

Саинның айтуынша, оның жалақысы - 200 мың теңге. Ол Toyota Land Cruiser Prado көлігін тізгіндеген.  

Аружан Саин - ұлттық жүлделердің лауреаты және номинанты. 2009 жылы "Алтын жүрек" жүлдесінің номинанты болса, 2012 және 2015 жылдары "Халық сүйіктісі" атанған. 

Тележүргізуші 2002 жылы тұрмысқа шыққан. Жары Алексей екеуінің София және Диана есімді егіз қыздары бар. Айтуынша, Аружан бос уақытының бәрін отбасына бөлуге тырысады. 

Аружан Саин әлеуметтік желілерде де белсенді. Мысалы, Instagram желісіндегі парақшасында қоғамдағы өзекті мәселелер мен жұмысы жайлы есепті бөлісіп отырады. Мұнда Аружанға 75 мыңға жуық адам жазылған. 56 мыңнан аса жазылушысы бар Facebook-парақшасында да өзекті мәселелер туралы жазып отырады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети