РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 марта 2021 | 14:16

"Жағдай жаман емес" - маман Алматыдағы жағдай туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай жаман емес. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай жаман емес. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Лаура Мырзағалидің сөзінше, 20-24 наурыз аралығында Денсаулық сақтау басқармасында штаб құрылып, қаладағы жағдай бақылауға алынған. 

"Бүгінде Алматы қаласы бойынша коронавирусқа байланысты ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 20-24 наурыз аралығы мейрам болғандықтан күн сайын жағдайды реттеп, күнделікті бақылауда ұстау үшін Денсаулық сақтау басқармасында штаб құрылды. Штабтың негізгі міндеттері - қалада COVID-19 жұқтырған науқастардың дер кезінде ем алуы және қалалық ауруханалар мен стационарлар дұрыс бағытта жұмыс істеуі.

Осы мәселелер бойынша штаб бес күн бойы жұмыс атқарды. Негізі қазір қалада жағдай жаман емес. Алматы қаласының әкімдігімен бірге қабылданған жоспарымыз іске асып жатыр десем артық айтпағаным", - деді ол Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте. 

Сонымен қатар, Лаура Мырзағали қаладағы вакцинация мәселесі туралы да айтты. Оның сөзінше, осыған дейін вакцина салынған адамдардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Қосымша сәуір және мамыр айларында 65 200 доздан вакцина келеді және вакцина салуға арналған 15 қосымша кабинет ашылады. Одан бөлек, бүгінде 118 адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның ішінде, 10 адамның жағдайы ауыр. 

Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 31 307-ге жетті. Оның ішінде, 26 169 адам аурудан айыққан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети