ПОДЕЛИТЬСЯ
10 апреля 2020 | 14:37
Интернеттен вирусқа қарсы дәрілерді сатып алуға бола ма? Маманның жауабы
Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова әлеуметтік желіде вирусқа қарсы дәрілерді сатып алу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан заңына сәйкес, елімізде тексерістен өтіп, тіркелген дәрілер ғана сатылады. Дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне тексерісті ұлттық сараптама орталығы жүргізеді. Ал қалған дәрілерді сатуға Қазақстан заңы бойынша тыйым салынған", - деді ол "Алматы" телеарнасында өткен онлайн брифингте.
Ал Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова зімбір мен лимон дәрі емесін атап өтті.
"Зімбір мен лимон дәрі болып саналмайды. Олар тек иммунитетті көтеруге ғана көмектеседі", - деді департамент басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетті. 9 адам қайтыс болды және 61 адам айықты.
Показать комментарии
Читайте также