РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 июня 2020 | 18:00

Инфекциялық орындардың 68 пайызы бос емес - вице-министр

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Еліміздегі инфекциялық төсек орындарының 68 пайызы бос емес. Коронавирус жұқтырып ауырып қалған науқастар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көп орынды алып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздегі инфекциялық төсек орындарының 68 пайызы бос емес. Коронавирус жұқтырып ауырып қалған науқастар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көп орынды алып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бастапқы кезде провизорлық (коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен жатқызылады), сондай-ақ коронавирус жұқтырған науқастар жататын инфекциялық төсек орындары әзірленді. Ел бойынша 7 372 инфекциялық төсек орны бар. Республика бойынша орташа есеппен 68 пайызы бос емес. Тағы аймақ бойынша қарасақ, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көп орын бос емес", - деді вице-министр онлайн-брифингте.

Ақтаеваның айтуынша, қазір елімізде коронавирус жұқтырып ауырған 119 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

"Инфекциялық стационарларда реанимациялық орындар бар. Бұлар реанимациялық көмек керек науқастарға арналған. Қазір мұндай 119 пациент бар. Жалпы реанимациялық орындардың үштен бір бөлігі бос емес. Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында реанимациялық орындарда адам көп. Жалпы денсаулық сақтау ұйымдарында 3 294 стационарлық жасанды тыныс алдыру аппараты бар. Бұл аса қажет болған жағдайда реанимациялық бөлімшелерге беріледі", - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, провизорлық стационарларда 6 194 төсек орны бар. 46 пайызы, яғни шамамен әрбір екінші төсек орны бос емес. Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында бұл орындарда адам көп.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде 15 192 адамнан коронавирус анықталды. 9 488 науқас аурудан айықты, 81 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети