03 февраля 2020 | 18:59

"Халық шыдамайды". Мырзағалиев қоқыс шығару тарифінің өсуіне қатысты пікір білдірді

Даурен Ерболат Журналист
Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы қоқыс полигоны. Фото: Тұрар Қазанғапов

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде қоқысты шығару тарифінің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде қоқысты шығару тарифінің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысының пікірінше, бұл өте өзекті мәселе.

Реклама
Реклама

"Қазір еліміздегі қоқысты шығару тарифінің бағасы өте төмен деңдейде. Қазақстан бойынша орташа тариф бір адамға - 200 теңге. Ал қоқысты қайта өңдеудің өзіндік құнын қарасаңыз, кем дегенде 20 есеге қымбат", - дейді Мағзұм Мырзағалиев мәжіліс кулуарында журналистерге.

Осы орайда министр бұл мәселеге өте мұқият қарау керек деген пікірде.

"Егер біз тарифті 20-25 есеге қымбаттатсақ, оған халық шыдай ма? Біздің пікірімізше, оған халық шыдамайды. Неге? Себебі, тарифті 20-25 есеге қымбаттатсақ, халыққа артық салмақ түседі. Осы мәселені West energy (тұмыстық қалдықтарды қайта өңдеуді көздейтін механизм - автор) арқылы шешуге болады. Әрине, бұл электр тарифтеріне ықпалын тигізеді. Алайда бұл мәселені шешудің басқа амалы жоқ", - деп түйіндеді сөзін министр.

Еске салайық, биылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс шығару тарифі 60 пайызға қымбаттаған. Көпқабатты үйдің тұрғындары бір адамға 246 теңге төлеп келсе, бұдан былай тариф 390 теңгеге өсті. Тариф енді көпқабатты үйлер үшін - 390 теңге, ал жер үй тұрғындары үшін - 414 теңге. Бұл - адам басына шаққандағы төлем.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram