25 июля 2019 | 18:17

"Генетикалық себептер". Әйел адамға қол көтеретіндер неге өзін кінәлі сезінбейді?

© pexels.com

Ананың рөлі мен беделі қазақ шаңырағында әрдайым қасиетті де киелі ұғым ретінде сақталған. "Ана бар үйде бақыт шамы сөнбейді" дейді. Ер адамның бақытының жануы тұтастай әйел адамына байланысты деп қараған. Алайда қазіргі қоғамда аналарға, жалпы әйел затына деген зорлық-зомбылықтың саны азаймай отыр. Бұл немен байланысты? Tengrinews.kz тілшісі мамандардан сұрап көрді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ананың рөлі мен беделі қазақ шаңырағында әрдайым қасиетті де киелі ұғым ретінде сақталған. "Ана бар үйде бақыт шамы сөнбейді" дейді. Ер адамның бақытының жануы тұтастай әйел адамына байланысты деп қараған. Алайда қазіргі қоғамда аналарға, жалпы әйел затына деген зорлық-зомбылықтың саны азаймай отыр. Бұл немен байланысты? Tengrinews.kz тілшісі мамандардан сұрап көрді. 

Қызға қырық үйден тыйым салып, табанын жерге тигізбей қыздарды болашақ ана деп баулып, баққан. Үйдегі берекенің ұйытқысы - анаға ешқашан сөз тигізбеген.

Реклама
Реклама
Болат Бопайұлы, этнограф     Қоғамдағы әйел рөлі қандай болған?

Этнограф Болат Бопайұлының айтуынша, "келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" деп келген келінді, үйдегі бала-шағаны түгел ана тәрбиелейтін болған. Отбасының беделді болуы да анаға байланысты болған. 

"Ана тілі деген сөз бар. Қарап отырсаңыз ата тілі деген сөз жоқ. Сондықтан ананың орны өте биік. Әйел адамын тәрбиелі, ибалы етіп тәрбиелеген. Себебі ана сауатты болса, бала да сауатты болады. Бүкіл қоғамды, отбасын ананың берекесі ұстап тұрады деп қараған", - дейді Болат Бопайұлы. 

Маманның пікірінше, әйел адам лапылдап жанған отпен тең. Егер де сол от сөнсе, үйді қараңғылық, көңілді қайғы басады деп қорыққан. Сондықтан қыз балаларға әрдайым төрден орын берген. 

Алайда қазіргі таңда отбасылық жанжал кезінде әйел адамының денесі ұрыс алаңына айналатындай. Бұған кім кінәлі: адам ба заман ба? Көп жағдайда күйеуінің тарапынан көрсетілген қорлауға әйел адамы шыдас беріп, бұл мәселені қозғаусыз қалдырады. Бұл қаншалықты дұрыс?

Отбасылық дау-дамай кезіндегі қол көтерудің жазасы

Заңгер маман Әбубәкір Әнуар отбасылық кикілжің жағдайында бірден құқық қорғау органдарына хабарлаған дұрыс дейді.

"Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық жауапкершілікпен қоса әкімшілік жауапкершілікке де тартылады. Мен мысал ретінде түсіндірейін: мәселен күйеуіңіз сізге қол жұмсады. Сіз сотқа шағымданғаннан кейін, денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіру фактісі бойынша шамамен 12 625 теңге көлемінде айыппұл салынады. Алайда ол жасалған қылмыстың деңгейіне байланысты, яғни сот шешеді", - дейді маман.

Заңгердің айтуынша, бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-тармағы бойынша қарастырылады. Бірақ әкімшілік жауапкершілік бойынша денсаулығына қасақана жеңіл түрде зиян келтіру фактісі бойынша 15 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл 15 тәулікке бас бостандығынан айырылады. Маманның айтуынша, егер де бұл фактілер бойынша бір жылда екі рет шағым түсетін болса, кінәлі адам 15 тәулікке уақытша қамау изоляторында болады.

Жанат Смирнова, психолог    Қандай адамдар қол көтереді?

Психолог маман Жанат Смирнова әйелге қатысты зорлық-зомбылық әрдайым болған дейді. Өркениеттің пайда болуымен және адамзаттың дамуымен халықтың мәдениет деңгейі мен ер адам мен әйел адамның бір-біріне деген көзқарастары да өзгерді. 

"Әйел адамға зорлық-зомбылық көрсету - бұл ерлердің өз отбасында маңызды адам екенін көрсетіп қалудың бір түрі. Әсіресе өзін-өзі бағалауы төмен, өзіне сенімді емес ер адамдар осындай әрекеттерге жиі барады", - дейді маман. 

Маманның айтуынша, әйел адамға зорлық көрсету арқылы ер адамдар іштей өзі туралы псевдо-пікірде болады екен. Біріншіден зорлық көрсетудің басты себебі - генетикалық себептер. Бұл не деген сөз? Ер адамның мінезі ауыр, кез келген нәрсені қиын қабылдайтын адам болса, отбасыда мұндай жағдайлар жиі болады. 

Екіншіден, отбасылық қарым-қатынас. Мәселен ер адамның балалық шағында ата-анасы жиі ұрсысып, әкесі анасына қол көтерген сәттер көз алдында қалған болса, бұл қасиетті бала жас кезінен сіңіреді. Демек әйел адамды ұру ол үшін қалыпты жағдай сияқты көрінетін болады дейді психолог маман.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram