РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 апреля 2019 | 10:57

Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гауһар Әлімбекова. © Tengrinews.kz Гауһар Әлімбекова. © Tengrinews.kz

Алаяқтық ісі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова ақталып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алаяқтық ісі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова ақталып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Қалалық сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов. © Tengrinews.kz

Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды.

"Гауһар Әлімбекова ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағымен тағылған айып бойынша кінәсіз деп танылып, іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталсын", - деп оқыды үкімді қалалық сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов.


Гауһар Әлімбекова сот залында. © Tengrinews.kz

Ал істің тағы бір фигуранты Феруза Ордабаеваны сот 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда рақымшылық заңына байланысты оның жаза мерзімі екі есеге қысқарды. 


Арызданушы Бақыт Назарова. © Tengrinews.kz


Феруза Ордабаева. © Tengrinews.kz

Бұған дейін осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан болатын. Ал Әлімбекова өзіне жала жабылғанын мәлім еткен.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети