Елімізде 2011 жылдан бері 15 сәуір күні Ұлттық ғашықтар күні тойланады. Мәңгілік махаббат символына айналған Қозы мен Баян күнінің тарихы қандай? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Елімізде 2011 жылдан бері 15 сәуір күні Ұлттық ғашықтар күні тойланады. Мәңгілік махаббат символына айналған Қозы мен Баян күнінің тарихы қандай? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнінің тарихы
Қозы мен Баян күнін алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған еді. Ол жастар ұйымдары, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге шақырды. Дархан Мыңбайдың бастамасы көптің көңілінен шыққаны рас, бірақ мерекенің нақты датасы көпке дейін белгіленбей, әр өңір әртүрлі тойлай бастады.
2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты. Ал 2012 жылы елордадағы Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері махаббат күнін қазақтың ұлттық "Ақсүйек" ойынымен жаңғыртып, жастар ойын-сауығын ұйымдастырды. Дәл сол жылы Көкшетаудың ерікті жастары да Қозы мен Баян күнін Тәуелсіздік алаңында атап өтті. Содан бері қос ғашықтың кіршіксіз сезімін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген мерекені тойлайтын жастардың саны біртіндеп артып келеді.
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жыры Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасы тұсында қағазға түсірілді. Қозы мен Баян эпосы Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындар арқылы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.
Бүгінде 20-ға жуық нұсқаның ішінен ең белгілісі – Жанақтың нұсқасы. Махаббат жыры Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп, бел құда болуынан басталады. Екі әке серттесіп, Қозы мен Баянды қоспақ болады. Бірақ, аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай баласын көре алмай қаза болады. Уақыт өте, дүниеқоңыз Қарабай "қызымды жетім ұлға бермеймін" деп, бір кездері отарын жұттан құтқарған Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың қосылуын қаламаған Қодар айласын асырып, Қозыны өлтіреді. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян Сұлу өш алу үшін қулыққа басады. Ол Қодарға құдықтан су алып берсе, оған күйеуге шығатынын айтады. Қыздың сөзіне сенген Қодар оның бұрымынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, Баян бұрымын кесіп тастайды. Осылайша, Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап өледі. Содан кейін Баян ғашығы жатқан күмбезге келіп, өз-өзіне қол жұмсайды. Белгілі жазушы, драматург Ғабит Мүсіреповтің осы аттас пьесасы бар. Шығарма 1939 жылы сәуір айында жазылып біткен. Баян Сұлу – Қозы Көрпеш трагедиясы алғаш рет 1940 жылдың 29 сәуірінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанды. Ал 1992 жылы Асанәлі Әшімов түсірген "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" кинокартинасы көрермендерге жол тартты. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу кесенесі бар. Былтыр қаңтар айында мазар "Қазақстанның киелі жерлері" тізіміне енді.
Ғашықтар күнін атап өтуге 3 себеп
1. Бұл сүйіктіңізге жағымды тосынсый жасауға себеп
Сүйіктіңізге жағымды тосынсый жасаңыз. Оның қымбат сыйлық болуы міндетті емес. Бастысы, ол нәрсе оны таңғалдыратын, бірдеңені есіне түсіретін немесе күлдіртетін болуы тиіс. Мысалы, бұрын бірге түскен суреттеріңізді шығартып, жаңа әдемі альбом сатып алып, суреттерді оның ішіне қиялыңызбен безендіріңіз. Алайда одан да сыйлық күтпеңіз. Барлық зейініңізді оның қуануына арнаңыз.
Сүйіктіңізге дәмді ас дайындаңыз. Ол оның сүйікті тағамы болуы мүмкін. Әрине, әйелдер үшін тамақ пісіру - күнделікті нәрсе болуы мүмкін. Бірақ сіз безендіруге мән беру арқылы бұл күнді ерекше ете аласыз. Әдемі қағаз майлықтар, әдемі ыдыстар және т.б детальдар – атмосфераға өзгеріс әкелетіні анық.
Сүйіктіңізге хат жазыңыз. Ертеден бері сүйіктісіне хат жазу - өз сезімін білдірудің ең әсерлі әдісі болатын. Сүйіктіңнен келген хатты ұстап отырудан өте керемет әсерде боласыз. Оны электронды түрде емес, қағазға жазған жөн. Хатқа өзіңіздің сезіміңізді, оның өміріңіздегі орны туралы ашық жазыңыз.
2. Бұл қарым-қатынасты қатайта түсуге бір себеп
Ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынаста бір-біріне қошемет сөздер айту, қамқорлық жасау өте маңызды. Сол секілді олар үшін атаулы күндерді атап өтудің де өз маңызы бар. Мұндай ұсақ-түйек нәрселер жиналып, уақыт өте қарым-қатынасыңызға әсер етуі мүмкін. Сондықтан көптеген маман қарым-қатынасыңыз берік болуы үшін және араларыңыздағы сезім суып кетпес үшін жүйелі түрде кездесуге барып тұруға, демалыс күндері бірге уақыт өткізуге кеңес береді. Ендеше, ғашықтар күнін пайдаланып, сүйіктіңізді кездесуге шақырыңыз. Әдемі киімдеріңізді киіп алып, дәмді тамаққа тапсырыс беріп, әңгіме айтып, серуендеп келіңіз.
Үшінші себепті Massaget.kz сайтынан МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыз.