РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 июля 2021 | 16:18

Фотографты мазалайтын қорқынышты ой. Тұрар Қазанғапов Ottegi қонағы болды

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Massaget.kz жастар порталы 10 жылдық мерейтойы құрметіне Ottegi подкастар легін шығарды. Ондағы үшінші эпизодтың қонағы - Tengrinews.kz фотографы, "Үркер" жүлдесінің иегері Тұрар Қазанғапов болды.


Massaget.kz жастар порталы 10 жылдық мерейтойы құрметіне Ottegi подкастар легін шығарды. Ондағы үшінші эпизодтың қонағы - Tengrinews.kz фотографы, "Үркер" жүлдесінің иегері Тұрар Қазанғапов болды.

Осы уақытқа дейін Токио, Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында жеке фотокөрмесі өткен Тұрар Қазанғапов подкастта балалық шағы, фотожурналистикаға келуі, фотографты мазалайтын қорқынышты ойлар, елдегі һәм әлемдегі жоғары баға беретін фотографтар туралы айтты. 

Сонымен қатар, подкастта фотоархивті қайда сақтаған дұрыс, оқиғалар тізбегі көбейген кезде фотограф көзі "байланып" қалмай ма, атадан келе жатқан фотоөнер балаға жалғаса ма және шабыт шақырып, білігін арттыру үшін Тұрар не істейді деген сұрақтарға жауап айтылады.

Тұрар Қазанғапов атақты фотограф Юджин Смит жайлы, Ауған соғысында тұтқынға түскен фотограф, кураторы Юрий Козыревтің оқиғасын, Кевин Картер, Пулитцер сыйлығы, Фотографтың жазылмаған заңы, кәсібилік пен адамгершілік арасындағы тартыс туралы сөйледі.

Ол түсіре алмағанына өкінетін сурет туралы да айтып берді. 

"Бір суретті түсіре алмай қалсам көпке дейін өзімді өкінетін кездерім болады. Бармақ тістеп, өзімді жаман сезініп, шыға алмай жүремін. Бір оқиға айтайын. 2017-2018 жылдары Қарағандыда шахтерлер жер асытында қалып, шықпаймыз деп шулады. Сол кезде әріптестерімізбен репортаж жасауға бардық. Кейін түсіріп, сонда түнеп, таңертең қалаға қарай қайтып келе жатқанымызда алдымыздан қап-қара болып кеткен Кеңес заманынан қалған шахтаның қызыл автобусы баяу шығып келе жатты. Біз таксимен ақырын кетіп барамыз. Шаршаңқырап, терезеге қарап отырғанмын. Бірақ сол көрініс миымда әлі күнге дейін сақталып қалған. Неге сол кезде суретке түсіріп алмадым деп өкінемін", - дейді фотограф.

Кейін Тұрар Tengrinews.kz сайтына қалай келгенін, Ренат Ташқынбаевпен бірге жасаған фоторепортаждары туралы айтты және елдің түкпір-түкпіріндегі жағдайды көріп, түсіріп жүрген адам ретінде оған баға берді. 

Tengrinews.kz атынан әлемдік іс-шараларға барып, оқиғаны камера объективіне түсіріп, халықты сурет арқылы ақпаратпен сусындатып жүрген Тұрар Қазанғапов жұмысындағы жауапкершілік, алдағы болатын оқиғаны болжау туралы және қалай шыңдалғанын әңгімеледі. Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті мен оның ерекше сурет тарихын, өзі фотограф боп барған Генадий Головкиннің жекпе-жектері жайлы айтты. 

"Ресми түсірілімдер жаттықтырды деп ойлаймын. Неге десеңіз, Елбасымен іссапарға барасың, онда протокол бар, әр нәрсе өз уақытымен. Елбасымен жүргенде, сәттің алдын алып жүру керек. Оның жүргені, бір жерге кіргені, амандасқаны, суретке түскені бар. Бір жерін өткізіп алсаң, ол қайталанып келмейді. Сондықтан кез келген репортажда шама келгенше болжап тұрамын", - дейді фотограф. 

Подкастты мына жерден тыңдай аласыздар:

Time code:

  • 00:00 - Алғы сөз
  • 01:30 - Тұрардың өзін таныстыруы
  • 02:30 - Балалық шағы мен Босаға ауылы жайлы
  • 05:00 - Үш ұрпақтан жалғасқан өнер: фотограф атасы мен әкесі жайлы
  • 10:00 - Фотоөнерге келуге не түрткі болды?
  • 16:00 - Фотожурналистикаға қызығушылық қашан пайда болды?
  • 18:00 - Фотоархивті қайда сақтаған дұрыс?
  • 21:00 - Елдегі һәм әлемдегі жоғары баға беретін фотографтар
  • 24:00 - Атақты фотограф Юджин Смит жайлы
  • 28:00 - Кураторы Юрий Козыревтің оқиғасы: Ауған соғысында тұтқынға түскен фотограф
  • 32:00 - Фотографты мазалайтын қорқынышты ой
  • 37:00 - Кевин Картер, Пулитцер сыйлығы, құзғын мен қыз
  • 40:00 - Тұрар түсіре алмағанына өкінетін сурет: “Қара автобус ішіндегі шахтерлер”
  • 44:00 - Tengrinews.kz сайтына қалай келді
  • 50:00 - Елдегі жағдай Тұрар Қазанғаптың көзімен
  • 55:00 - Ренат Ташқынбаевпен бірге жасаған фоторепортаждар жайлы
  • 58:00 - Әке ізімен немесе моряктар өмірі
  • 1:01:00 - Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті және ерекше сурет тарихы
  • 1:07:00 - Өзі фотограф боп барған Генадий Головкиннің жекпе-жектері жайлы
  • 1:13:30 - Оқиғалар тізбегі көбейген кезде фотограф көзі “байланып” қалмай ма?
  • 1:16:30 - Фотокөрме І Фотокөрмелерге суретті қалай таңдайды
  • 1:20:00 - Атадан келе жатқан фотоөнер балаға жалғаса ма?
  • 1:22:00 - Шабыт шақырып, біліктілігін арттыру үшін Тұрар не істейді?
  • 1:24:00 - Мобилография науқаны І Тұрар жеке курс ашуы мүмкін бе…
  • 1:27:00 - Кей ақындар өлең өртейді. Тұрар сурет өшіре ме?
  • 1:30:30 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
  • 1:33:30 - Соңы. Подкастер сөзі
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети