ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мая 2020 | 16:05
"Ешқандай қиял емес" - Есмағамбетова коронавирусқа күмәнмен қарайтындарға жауап берді
Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа күмәнмен қарайтындарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа күмәнмен қарайтындарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айжан Есмағамбетова Қазақстан шетел дәрігерлерінің тәжірибесіне сүйеніп, олардан сабақ алуға уақыт жеткілікті болғанын айтады.
"Статистикадан қашып құтыла алмайсың. 215 елде анықталды. Эпидемия жарияланды. 5,5 миллионға жуық адам жұқтырды. Шамамен 350 мыңға жуық адам өлімі. Иә, Қазақстандағы жағдай тұрақты. Себебі бізде дайындалуға біраз уақыт болды. Егер басқа елдерде, Қытайда ауру-сырқау желтоқсанның аяғында, қаңтарда басталды, артынша Корея басқа да елдерде анықталды. Яғни, бізде әріптестерімізден сабақ алуға уақыт жеткілікті болды. Біз сол уақыт аралығында дайындалдық. Біз базаны, зертханаларды дайындап үлгердік. Біз өз уақытында төтенше жағдай енгіздік. Әлеуметтік байланысты азайттық, жұмысқа барған жоқпыз. Яғни, бүкіл елдегі өмір тоқтады. Бұл адам өлімі аз болуына, ауырғандар саны көп болатын кезеңді өткеруге септігін тигізді", - дейді Есмағамбетова ДСМ-нің Facebook желісіндегі парақшасында.
Айжан Есмағамбетова егер халық қарапайым сақтық шарасын сақтамайтын болса, қатаң карантин режимі қайта енгізілуі әбден мүмкін екенін айтты.
"Бірақ ол коронавирус инфекциясы жоғалып кетті және ол жоқ деген сөз емес. Бүгінде біз төтенше жағдай режимін алған болсақ карантин режимін сақтаудың қажеті жоқ деген сөз емес. Егер біз қазір карантин режимін сақтамасақ науқастар саны өсуі мүмкін. Ал егер науқастар саны көбейетін болса, тиісінше қатаң карантин режимін қайтадан енгізуімізге тура келеді. Меніңше, оны ешкім қаламайды", - дейді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Есмағамбетова 250-ге жуық елде коронавирустың анықталуы ешқандай қиял емес екенін атап өтті.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус 8969 адамнан анықталды. Оның ішінде 4515 адам аурудан айығып шықса, 35 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также