РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 сентября 2019 | 15:11

"Еш нәрсе есімде жоқ" - Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзада Сатыбалдиева. © Tengrinews.kz Айзада Сатыбалдиева. © Tengrinews.kz

2018 жылы 29 желтоқсанда Алматы қаласында Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жантүршігерлік жол апаты болған. Мас жүргізуші жасаған апат салдарынан үш адам қаза тапқан, олар театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова, актрисаның құрбысы Динара Хамитова және такси жүргізушісі. Актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен. Сол апатта жалғыз өзі өлім аузынан аман қалған Айзада Сатыбалдиева оқиғадан кейін бірінші сұхбатын Tengrinews.kz тілшісіне беріп, хал-жағдайын әңгімеледі. 


2018 жылы 29 желтоқсанда Алматы қаласында Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жантүршігерлік жол апаты болған. Мас жүргізуші жасаған апат салдарынан үш адам қаза тапқан, олар театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова, актрисаның құрбысы Динара Хамитова және такси жүргізушісі. Актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен. Сол апатта жалғыз өзі өлім аузынан аман қалған Айзада Сатыбалдиева оқиғадан кейін бірінші сұхбатын Tengrinews.kz тілшісіне беріп, хал-жағдайын әңгімеледі. 

Қазіргі уақытта актриса оңалту орталықтарынан емнен өтіп жатыр. Дәрігерлер оқиғадан 9 айдан аса уақыт өтсе де оған әлі біраз уақыт емделу керектігін айтқан. Қазіргі таңда актриса үйінде.

"Қазіргі жағдайыма шүкір деймін. Барлығына уақыт емші. Дәрігерлер де соны айтып жатыр. Баяғыдай қалпыма әлі келе алған жоқпын. Ашық және жабық жарақаттар алғанмын. Төрт рет ауруханада ем алып, екі рет шипажайда жатып емделдім. Әлі жылдың соңына дейін емделемін", - дейді актриса.


Айзада Сатыбалдиева. © Tengrinews.kz

Актрисаға бұған дейін ота жасалған. Ал жол апаты болған күн нақты есінде жоқ екен. 

"Еш нәрсе есімде жоқ. Дәрігерлер есіме түсуі де, түспеуі де мүмкін деді. Не болғанын жолдасымнан 4-5 айдан кейін сұрастырдым. Қайраткерлікті 2018 жылы 15 желтоқсанда астанадан алып келдім. Сол қуанышты кішігірім түрде бас қосып, атап өткенбіз деп ойлаймын. Сосын көктемге таман отырып жақсылығымызды көпшілікпен бөлісеміз деп шешкенбіз. Менің ойымша, дәл сол күні біз соған байланысты бас қосқанбыз. Нақты есімде жоқ. Артынан марқұм Динараның ұлы мені астанадан іздеп келіп, оқиғаның мән-жайын айтып берді. Динараның ұлының айтуынша, біз Шолпан екеуміз оның үйіне келген екенбіз. Содан кейін үйден шығып кетіп, мейрамханаға барғанбыз. Неге екенін білмеймін, барлығымыз көлігімізді қалдырып кеткенбіз. Сөйтіп таксиге мініп, келе жатқанда осы оқиға болса керек", - дейді Айзада Сатыбалдиева. 

Актриса өзі қызмет еткен театр тарапы да үлкен қолдау білдіргенін атап өтті. 

"Жақсы адамдар көп екен. Қара шаңырағымыздың басшылық тарапынан да үлкен қолдау білдірілді. Ұжым жиналысында театрдың үлкені мен жасына дейін тілекші болып, ыстық ықыластарына бөленіп қайттым. Театр басшылығына маған қарасқандары үшін көп рахмет", - дейді актриса. 

Айзада Сатыбалдиева барлық тараптан ел болып, жұрт болып көмек көрсетіліп жатқанын айтты. 

"Қаржылай көмек қолдау көрсеткен ел алдында өнердегі, қызметтегі ағалар, отбасылы сыйлас қыз-келіншектер, курстастар, отбасылық достар, жалпы кім келсе, соның бәрі де ниеттес, ел-жұрт болып тілекші болды. Қазақ деген мейірімін төккен ұлт екен. Әке-шешеміз жас кезімізде "Ел аман, жұрт тыныш болсын" деп айтып отырушы еді. Алланың сынағына ел-жұрт болып қарасты. Достарымыз,  халық та жинап жатыр. Елдің ішінде екенбіз", - дейді Айзада Сатыбалдиева. 


Айзада Сатыбалдиева

Сондай-ақ актриса балалық арманы, өнер жолы және Елбасымен қалай кездескенін айтып берді. 

"Өзім туралы айтатын болсам, мен үйдегі он екінші баламын. Сегіз қыз, үш ұлмыз. Бір ағам мен бір әпкем бақилық болды. Біздің әкемізден тараған ұрпаққа өнер қасиеті берілген екен. Әпкелерімнің бәрі шетінен әнші. 

Балалық арманым - студент болу еді. Содан Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына түсіп, білім алдым. Кейіннен Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрына жолдамамен бардым. Бара сала театрдың көркемдік жетекшісі Әзірбайжан Мәмбетовтың қабылдауында болып, маған бірден бес спектальдің басты рөлі берілді.", - дейді актриса. 

Кейін актриса Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан концертті жүргізген. 

"Театрдан бөлек Елбасы қатысқан концерттерді жүргізгенмін. Мәдениет жылы аясында Елбасының қолынан пәтер кілтін алған едім. Сол сәтте өзімді бұлттың үстінде жүргендей, табаным жерге тимегендей сезіндім", - дейді Айзада Сатыбалдиева. 


Айзада Сатыбалдиева. Сол жақта

Айзада Сатыбалдиева - ақын Бақыт Беделханның жұбайы. Екеуі қазіргі таңда бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отыр. Айзаданың айтуынша, балалары да өнерден алыс емес. Жолдасын Алматыға жұмысқа шақырғандықтан, отбасымен оңтүстік астанаға көшкен. Ол Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына жұмысқа орналасып, әлі күнге дейін сол жерде қызмет ететінін айтты. 

Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты 2018 жылы 29 желтоқсанда таңғы 05:00 шамасында болған. Жол апатының салдарынан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова және көлік жүргізушісі қаза тапқан еді. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы пайда болды. Видео кадрларына қарағанда, Mitsubishi Galant бағдаршамның жасыл түсі жанғанда Сейфуллин бойымен қозғалысты бастаған, осы сәтте Абайдың бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан Mercedes Gelandewagen оны соғып өткен. Жеңіл көлік соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. Артынша жол апатына себепші болған Mercedes Gelandewagen автокөлігінің иесі көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болып, ол сот үкімі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети