ПОДЕЛИТЬСЯ
14 августа 2019 | 08:35
"Енесін жамандайды". Қазақстандықтар психологқа қандай шағыммен жиі келеді?
Көбіне психологқа жанын жеген күйзелістен арылып, мазасын алған проблеманы шешу үшін барамыз. Бірақ, өкінішке қарай, халық арасында психологқа психикалық ауытқулары бар адамдар ғана барады деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен өз проблемаларын мамандарға сеніп, ашылып айтып жүрген қазақстандықтар аз емес көрінеді. Коуч, психолог, ICF маманы Әсел Рскелдиева Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың жиі айтатын шағымдары мен көбіне қандай мәселелер бойынша көмек сұрайтынын айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көбіне психологқа жанын жеген күйзелістен арылып, мазасын алған проблеманы шешу үшін барамыз. Бірақ, өкінішке қарай, халық арасында психологқа психикалық ауытқулары бар адамдар ғана барады деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен өз проблемаларын мамандарға сеніп, ашылып айтып жүрген қазақстандықтар аз емес көрінеді. Коуч, психолог, ICF маманы Әсел Рскелдиева Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың жиі айтатын шағымдары мен көбіне қандай мәселелер бойынша көмек сұрайтынын айтып берді.
Рскелдиева психолог кеңесіне жүгінетін қазақстандықтардың көбі отбасы проблемаларымен келетінін айтады.
"Қазақстандықтардың проблемасы тек отбасымен байланысты деуге болады. Көбіне маған 28-30 жастан бастап 50 жасқа дейін адамдар келеді. Олардың айтатыны - отбасы проблемалары. Әсіресе, әйел адамдар. Әйелдердің бірінші кезекте шағымданып, жамандайтын адамы - енесі. Айтатыны - "күйеуімді ешқайда жібермейді", "ол тек шешесін тыңдайды", "бізге ақша жетпесе де, тапқан табысының барлығын анасына береді", "анасы біздің өмірімізге араласады", "ата-анасының айтқанынан шықпайды", "әке-шешесі не айтса, соны істейді". Бұл күнделікті келіп жүрген адамдардың шағымдары. Ең қызығы, жастар ата-енесінен бөлек тұрса да, мұндай проблемалардан айналып өте алмайды", - дейді бизнес-тренер.
Психолог бұдан бөлек, қазақстандық келіншектердің жолдасына көп шағымданатынын айтады.
"Әйел адамдар жолдасына сенбейді, күдіктеніп жүреді. Біреуді тауып алды деген ой қалыптастырады да, әрі қарай не істеймін, қалай онымен енді өмір сүремін деген сұрақтармен келеді. Мұндай отбасында, әрине, күнделікті айғай-шу шығып, тыныштық болмайды. Ажырасайын десе біздің менталитетке ол қайшы келеді. Сондықтан үндемей, барлығына шыдап жүреді", - дейді ол.
Әсел Рскелдиева, отбасы психологыСондай-ақ, Рскелдиеваның айтуынша, наразылығын айтуға келетін ер адамдар да аз емес.
"Психологтың көмегіне жүгінетін ер адамдардың саны әйелдерден кем түспейді. Еркектерде де әйелдеріне шағымданатын маңызды себептер бар - кейбіреулер әйелдерінің үй шаруасымен айналыспайтынын немесе бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлмей, күні-түні әлеуметтік желілерде отыратынын айтады. Бұл расында да үлкен проблема. "Отбасым үшін қолдан келгеннің барлығын істеп жүрмін, бірақ әйеліме бірде ақша жетпейді, бірде жеткілікті көңіл бөлмеймін" деп айтады. Аналарына қарап, үлгі алатын әйелдер жайлы да айтып жатады. Осы кезеңде ер адамдар одан әрі күйзеліске ұшырайды - қызметіне қиындықтар туады, өмірге деген құштарлығы азаяды", - дейді психолог.
Мұнымен қатар, психолог көмекке ажырасқан келіншектердің көп жүгінетінін айтып өтті. Олар кездестірген ер адамды "ұстап қалғысы келеді де", онысы жүзеге аспаса, көңілі түсіп, өмірден тағы түңіліп кетеді. Айтуынша, мұның барлығы адамның өзін-өзі бағаламауына әкеп соғады да барлық проблема осыдан басталады. Сондықтан, маманның айтуынша, бұл жағдайларда ер адамдар да, әйел адамдар да біреу үшін емес, өзі үшін өмір сүре бастауы керек.
Коучер өз тәжірибесіне сүйене отырып, қазақстандықтар шағымданатын проблемалардың барлығын шешуге болатынын айтады.
"Мұнда айтылған барлық проблема шешіледі. 1-1,5 жыл бойы психолог көмегіне жүгініп, күйзелістен арылғандар жетерлік. Кейбіреулеріне айына 1,2 рет бару жеткілікті. Бірақ өте ауыр кезеңдер, дисбаланс болғанда апта сайын психологиялық көмек көрсетіледі. Басты кеңесім - біреудің көңілін табу, біреуге жағу үшін барлығын жасау әдетінен арылу қажет. Сол кезде ғана адамдар бір-бірін бағалап, басқа қырынан тани бастайды. Мысалы, ерлі-зайыптының бірі өзін-өзін бағаламаса, екінші тарап оны әрі қарай "басып", түрлі айлалар жасайды", - деп кеңес береді психолог.
Оқи отырыңыз:
"Жынды жындымын демейді". Психологқа қандай жағдайда бару керек
Показать комментарии
Читайте также