ІІМ қызметкері жеке тұлғаның ЖСН нөмірін тергенде оның жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатының қашан алғаны туралы ақпарат шығады. Сондықтан жүргізушілер тек жеке куәлікті алып жүреді. Алайда кей жағдайда тек жеке куәлік жеткіліксіз. Бұл мәселені ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ қызметкері жеке тұлғаның ЖСН нөмірін тергенде оның жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатының қашан алғаны туралы ақпарат шығады. Сондықтан жүргізушілер тек жеке куәлікті алып жүреді. Алайда кей жағдайда тек жеке куәлік жеткіліксіз. Бұл мәселені ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір жүргізушілерге жеке куәліктен басқа құжаттарды алып жүрмеуге рұқсат беруге байланысты ІІМ жол жүру тәртібіне өзгерістер енгізіп жатыр. Бұл құжаттар (жүргізуші куәлігі, көліктің техникалық паспорты) әрі қарай да беріледі. Себебі ол әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет болып есептеледі. Жыл сайын біз 500 мыңға жуық жүргізуші куәлігін және 1,5 миллионға жуық көлікті тіркеу куәлігін береміз. Бұл жұмыстар жалғасады. Өйткені бұл құжаттар шетелге шыққанда, жұмысқа тұратын кезде, көлік сатқанда және басқа да азаматтық қатынаста керек болады. Оның ішінде жүргізуші жұмысқа тұратын кезде жүргізуші біліктілігін көрсету үшін керек", - деді Серік Түсіпов ІІМ Facebook желісінде өткен онлайн-брифингте.
Бұл норма көлік басқа елде тіркелген болса және көлік жүргізу куәлігін шетелден алған жағдайда жарамсыз. Мұндай жағдайларда жүргізуші куәлігі мен техникалық паспорт көрсету - міндет.
Сондай-ақ спикер полицейлер құжаттардың болмағанына байланысты айыппұл төлейміз деген жағдайда не істеу керегін айтты.
"Полиция қызметкерлері құжат талап еткен жағдайда 102 нөміріне, жеке қауіпсіздік бөлімшесіне хабарласу керек және әкімшілік хаттамаға шағым жазып, сот арқылы шешуге болады. Мұндай жағдайда азаматтың құқығы шектелмейді. Бірақ әрбір қызметкерге жаңа заңның нормасы түсіндірілді, нұсқама бар, сондықтан мұндай жағдай болмайды", - деді Түсіпов.
Айта кетейік, 21 қаңтарда Сенаторлар қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігінсіз көлік жүргізу құқығын көздейтін заң нормасын қарастырды. Заң қабылданып, Президентке жолданды.
1 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды.
13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті қажет құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!