ПОДЕЛИТЬСЯ
30 марта 2020 | 19:59
Енді жүкті әйелдер үйде босана ма? Біртановтың жауабы
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус пандемиясына байланысты жүкті әйелдер үйде босанады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус пандемиясына байланысты жүкті әйелдер үйде босанады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр еліміздегі перзентханалар қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
"Жүкті әйелдер үйде босанады деген ақпарат өтірік. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы медициналық ұйымдар күнделікті жұмысын атқарып жатыр. Кардиохирургия және нейрохирургия орталықтары және барлық перзентхана жұмыс істеп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ. Көмек қажет болса, жедел жәрдем қызметі арқылы немесе перзентханаларға барып, медициналық көмекті алуға мүмкіндік бар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осыған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин кезінде медициналық қызметкерлер үстемақы алатынын, олар қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілетінін айтқан.
Сондай-ақ Алматыда науқастардың қауіпті вирусты қайдан жұқтырғанын, коронавирусты анықтайтын тест қай елдерден жеткізілгені айтылған.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 302-ге жетті.
Показать комментарии
Читайте также