РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 декабря 2020 | 11:35

Елордалық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мектеп оқушылары үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мектеп оқушылары үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"11 қаңтарда оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5-сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуын жалғастырады. Сонымен қатар мектеп бітіруші 9 және 11, 12-сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды деп жоспарлануда. Әрине, нақты шешім ең алдымен қаламыздағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Офлайн өтетін сабақ кестесіне қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70 пайызы. Сондай-ақ пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады. Атап өтетін болсақ, информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері. Ал вариатив компонент пәндері кестеге сәйкес асинхрон түрде жүргізіледі", - деді басқарма басшысы қала әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Спикер қалада 9-сыныпта 13 215 оқушы, 7567 бала 11-сыныпта білім алып жатқанын атап өтті және сабақ қалай өтетінін түсіндірді.

"Мектепте икемді сабақ кестесі жасалып, сабақ арасындағы үзілістер әр сынып үшін әртүрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды, үзіліс 5 минуттан. (...) Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқудағы олқылықтарының орнын толтыру және қорытынды аттестацияға дайындалу үшін 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады. Бұл консультациялар оқушылар қажеттіліктеріне қарай, ата-аналардың келісімімен қатысуына болады. Бұл шешім ата-аналар мен педагогтардың пікірін ескере отырып қабылданады. Себебі 9 және 11,12-сынып оқушылары оқу жылының соңында мемлекеттік аттестациядан және ҰБТ-дан өтеді. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Әрине, мектептерде санитарлық шаралар сақталады", - деді ол.

Бұған дейін Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтанда аяз ата мен ақшақар балаларға жаңажылдық сыйлық тарататынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети