ПОДЕЛИТЬСЯ
18 марта 2020 | 19:21
Елордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус инфекциясы табылған 18 адамның дене температурасы көтерілмегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін елордада 18 адамнан қауіпті дерт анықталған.
"Олардың барлығы стационарда жатыр. Дене температурасы қалыпты нормада, шағымы жоқ. Барлық науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған науқастың ең үлкені 59 жаста, ең кішісі 14 жаста екенін жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 18 науқас Алматыда, қалған 18-і Нұр-Сұлтанда.
Бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин режимі күшіне енеді.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.
Показать комментарии
Читайте также