Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған 7 адамның 30 тұрғынмен байланыста болған айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған 7 адамның 30 тұрғынмен байланыста болған айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен ол 19 наурызда коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайына тоқталды.
"18 наурыздан бастап, 1 адам провизорлық стационарда ауруы бұрын анықталған адамдармен жақын байланыста болған. 19 наурызда 6 адам №1 стационарға жатқызылды. Коронавирус инфекциясы бар 6 науқасты ауруханаға жатқызу кезінде оларда құрғақ жөтел болды. Екеуінің дене қызуы көтерілді", - деді Сәуле Кисикова елордада өткен брифингте.
Осы орайда басқарма басшысы бүгін науқастардың жағдайы жақсарғанын атап өтті.
"Бүгінде барлық пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы тұрақтанды", - ол.
Сондай-ақ, Сәуле Кисикова қауіпті індетті жұқтырған 7 науқас басқа азаматтармен байланыста болғанын жеткізді.
"Жақын байланыста болған 30 адам (отбасы мүшелері) табылды және ауруханаға жатқызылды. Байланыста болған басқа адамдар үй карантинінде жатыр", - деп түйіндеді сөзін басшы.
Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шектеулер енгізілгенін, маска тапшылығы қашан жойылатынын, мемлекет қанша кәсіпкерге қолдау көрсететінін айтқан.
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті.
Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.