08 апреля 2020 | 12:42

Елордада экcпресс-тестілеуден кімдер бірінші өтетіні белгілі болды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: EPA-EFE

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирусты анықтауға мүмкіндік беретін экспресс-тест қалаға жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Экспресс-тестілеу жұмыстарын жүргізу бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша эпидемиологиялық көрсеткішке сүйене отырып жүргізіледі. Экспресс-тестілеуден алдымен коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу үшін күресіп жүрген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері, медициналық-санитариялық ұйымдардағы адамдар және медициналық қызметкерлер өте алады. Бұл жұмыс бүгін басталады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 704-ке жетті. 51 науқас аурудан жазылды, 6 науқас қайтыс болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram