РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 июня 2020 | 12:39

Елордада 270 бала коронавирус жұқтырған - Қисықова

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: iStock Фото: iStock

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова шаһарда 270 бала коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова шаһарда 270 бала коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елордада 2 620 тұрғын вирус жұқтырған.

"Оның 270-і бала. Бүгінгі таңда 1 829 науқас немесе 79 пайызы жазылып шықты", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол аурудан көз жұмған науқастарға тоқталды.

"Өкінішке қарай, 14 адам медициналық көмекке қарамастан қайтыс болды. Олардың жасына тоқталайын. 40-50 жас аралығында 2 адам, 50-60 жасқа дейінгі 4 адам, 60 жастан жоғары 8 адам", - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетейік, Қазақстанда 13 872 адам індет жұқтырған. 8 593 науқас жазылды, 67 адам аурудан көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети