26 февраля 2020 | 12:30

Еліміздің бас санитар дәрігері маңызды мәлімдеме жасады

Даурен Ерболат Журналист
© Reuters

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мекемелерде дезинфекция жұмыстарын жүргізу мәселесін көтеріп, басшыларға мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мекемелерде дезинфекция жұмыстарын жүргізу мәселесін көтеріп, басшыларға мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, әлемде қауіпті дертті жұқтырған адам саны азаймай тұр. Сондықтан бас санитар дәрігер сақтық шараларын күшейту қажетін айтты.

Реклама
Реклама

"Құрметті, мекеме басшылары. Сіздерге де мәлімдеме жасайын. Осы жағдайға байланысты дезинфекциялық режимді күшейту керек. Біріншіден, объектілерде қол жуатын жағдай жасау керек. Мұнда міндетті түрде су мен сұйық сабын болуы қажет. Бұл мәселеге мән беріңіздер. Екіншіден, дезинфекция жұмыстарын жүргізу. Мысалы, есіктің тұтқасын тазалау", - дейді Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол тұрғындар жиі ұстайтын заттарға дезинфекция жасау маңызды екенін атап өтті.

"Бұл - қарапайым ұсыныс. Әрине, осындай дезинфекция режимі өте қажет болып тұр", - дейді бас санитар дәрігер.

Осы орайда ол балабақша, мектеп және арнайы оқу мекемелеріндегі жағдайға да мән беруге шақырды.

"Олар таңертең оқуға келген кезде тексеру керек. Жіті респиратор вирус инфекциялары бар оқушыларды анықтау қажет. Оларды оқуға жіберуге болмайды. Оларды дәрігерге қарату керек", - дейді Бекшин.

Айта кетейік, осыған дейін коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық барын жазғанбыз.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұны халықаралық төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Сондай-ақ қауіпті дерттің таралуына байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Малайзия, Италия, Жапония және Таиландқа бармауға кеңес берген болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram