ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ноября 2020 | 11:18
Еліміздегі су шаруашылығы нысандарының 40 пайызы тозған - министр
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40 пайызы тозғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40 пайызы тозғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Гидротехникалық құрылыстар қауіпті жағдайда тұр. Су шаруашылығы құрылыстарының басым бөлігі 1960-70 жылдары салынған. Қазіргі таңда олар тозған. Тіпті, 40 пайызға тозған құрылыстар да бар", - дейді министр Сенаттағы үкімет сағатында.
Юрий Ильин бұл нысандарда қауіпсіздікті сақтау үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Су шаруашылығы нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр. Ол апат жағдайында тұрған су қоймайларын қайта жаңғартуды көздейді. Гидротехникалық құрылыстардан ағын суын өткізу және апат жағдайларының алдын алу үшін іс-шаралар жоспары бекітіледі, әрі су шаруашылығы нысандарына бақылау жүргізіледі", - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, биыл елімізде су тасқанының алдын алуға 9 мыңнан аса маман мен 1,5 мыңнан техника жұмылдырылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также