РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 февраля 2020 | 14:27

Елімізде шамамен 15-20 университет жабылуы мүмкін

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда сапасыз маман дайындайтын университеттердің саны қысқаруы мүмкін екен. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЖОО ассоциациялар президенті Рахман Алшанов айтты, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда сапасыз маман дайындайтын университеттердің саны қысқаруы мүмкін екен. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЖОО ассоциациялар президенті Рахман Алшанов айтты, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алшановтың айтуынша, елімізде 130 университет бар. Алайда бұл сан өзгеруі ықтимал.

"Біріншіден, олардың саны қысқаруы мүмкін. Екіншіден, "университет" дәрежесіндегі оқу орындарының саны да қысқаруы ықтимал. Мысалы, Алматыда көлік саласындағы жас университет бар. Бірақ жоғары оқу орнында маман жоқ. Менің ойымша, кем дегенде 15-20 университет жабылуы керек. Ал қалған жоғары оқу орындары бірігуі мүмкін", - деді ол.

Осы орайда оның сөзін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов толықтырды. Ол алдағы уақытта сапасыз маман дайындайтын университтердің саны қысқаратынын атап өтті.

"Студенттердің саны қысқармайды. Жоғары білім алғысы келетін, соған ынталы азаматтардың көп болуы еліміздің болашағы үшін маңызды. Ежелден қазақ қоғамында баласын оқытуға, оның білім шыңдауға ынта жоғары болған. Бұл ынтаны пайдалануымыз керек. Сондықтан мұнда студенттерді қысқарту мәселесі жоқ. Біз тек сапасыз жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруіміз шарт", - деп түйіндеді сөзін ректор.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети