ПОДЕЛИТЬСЯ
31 марта 2020 | 18:15
Елімізде қылмыс 20 пайызға азайды - Тұрғымбаев
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері қылмыс саны 20 пайызға азайғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері қылмыс саны 20 пайызға азайғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр елімізде карантин режимі күшейгенін жеткізді.
"Азаматтар мен автокөліктердің қозғалысы қатаң тексеріледі. Жаяу және автокөлік патруль саны көбейтілді. Бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ұрлық, тонау фактілерін болдырмау үшін шаралар қабылданып жатыр. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап елімізде қылмыс саны 20 пайызға азайды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі астаналықтаға үндеу жасаған болатын.
Сондай-ақ, білім және ғылым министрі оқушылар үшін жазғы демалыс мерзімі қысқармайтынын, интернет ресустарын пайдалану тегін болатынын айтқан.
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 336-ға жетті. 22 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
Показать комментарии
Читайте также