Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова еліміздің ауруханаларында коронавирус жұқтырғандар мен олармен байланыста болған адамдар үшін 33 мың орын бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясына шалдыққан адамды емдеу үшін және олармен байланыста болғандарды оқшалау мақсатында республикада 33 мыңнан астам орын қарастырылған. Оның ішінде науқастар үшін 6 мыңға жуық орын, ауру жұқтырды деп күдікке ілінгендер үшін 8 мыңға жуық провизорлық орын және 20 мың карантиндік орын бар", - деді ол ведомствоның медиаорталығында өткен брифингте.
Сондай-ақ, бас санитар дәрігер қытайлық дәрігерлердің көмегін жоғары бағалады.
"Қытайдан келген дәрігерлер қазақстандық мамандармен тәжірибе алмасты. Қытайлық мамандар коронавируспен күреске тартылған дәрігерлер үшін семинар өткізді. Сонымен қатар, олардың науқастарды емдеу кезіндегі тиімді әдістерін республика дәрігерлері назарына алды. Бұл шаралар өзінің тиімділігін көрсетті", - деді Айжан Есмағанбетова.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 5 279-ға жетті. 2108 науқас айықты, 32 адам көз жұмды.