РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 июня 2019 | 14:22

Электрсамокатшылар қандай жол ережелерін жиі бұзады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде қала жолдарында электр қозғалтқышы бар самокатпен жүретіндер қатары көбейді. Осыдан екі жыл бұрын заңда нақты қағидалары болмағандықтан, бұл көлік түрін жүргізетіндер жол жүрісінің қатысушысы ретінде қарастырылмаса, бүгінде оның өз міндеттері мен жауапкершіліктері бар. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина Tengrinews.kz тілшісіне электросамокатшылардың қандай қағидамен жүруі керек екенін түсіндіріп берді.


Бүгінде қала жолдарында электр қозғалтқышы бар самокатпен жүретіндер қатары көбейді. Осыдан екі жыл бұрын заңда нақты қағидалары болмағандықтан, бұл көлік түрін жүргізетіндер жол жүрісінің қатысушысы ретінде қарастырылмаса, бүгінде оның өз міндеттері мен жауапкершіліктері бар. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина Tengrinews.kz тілшісіне электросамокатшылардың қандай қағидамен жүруі керек екенін түсіндіріп берді.

Оның сөзінше, электросамокатшыларға трамвай жүрісі бар жолдарда және бағыттас тағы бір жолағы бар кезде солға бұрылуға немесе артқа айналуға болмайды. Бұл көлікпен велосипед немесе мопед тартып жүруге және ең болмағанда бір қолмен тізгінді ұстамай жүруге де тыйым салынған. Бұл қазақстандық электросамокатшыларының ең жиі бұзатын ережелері екен. 

16 жастан асқандар ғана жүргізуі тиіс

Оның айтуынша, нақты бұл көлік түріне арналған жеке-дара қағида жоқ, алайда бұл көлік түрін жүргізетіндер ҚР Жол жүрісі туралы заңы бойынша толыққанды жүргізуші ретінде міндеттері мен жауапкершіліктері болады.

Электрсамокаттар техникалық сипаттамасымен мопедке теңеледі екен.

"Жол жүрісі туралы" Заң бойынша мопед - цилиндр көлемі 50 шаршы сантиметрден аспайтын қозғалтқышы бар немесе жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын электр қозғалтқышы бар екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедке аспалы қозғалтқышы бар велосипед, мокик, скутер және тағы да басқа осындай сипаты бар көлік құралдары теңеледі", - дейді маман.

Яғни біз айтып отырған электросамокат заңда мопед ретінде қарастырылады да, оны басқарушы жүргізуші куәлігі болмаса да толыққанды жол жүрісіне қатысушы ретінде жауапкершілік арқалайды. Сондықтан, жол жүрісі қағидалары бойынша, электросамокат жүргізетіндердің жасы 16-дан асуы тиіс.

Электрсамокатшы қандай жолмен жүруі тиіс?

Электросамокатшылар велосипедке арналған жолмен жүре алады, арнайы жол жоқ болса, жол бөлігінің оң жақ қапталымен жүруі тиіс. Ал қоғамдық көлік жолағы болса, онымен бір қатарда жүруге құқы бар. Бірақ велосипед жолағы бар көшеде самокатшыларға жол бөлігіне шығуға рұқсат берілмейді.

Ал жаяу жүргінші жолында электросамокатшыларға жүруге болмайды екен. Онымен бірге, скутер, мопед, велосипедтермен де жаяу жүргінші жолымен қозғалуға тыйым салынғанын айта кетейік.

Жолаушы мен жүк тасымалдауға бола ма?

Электрсамокатпен оның ені немесе ұзындығы бойынша 50 сантиметрден асып тұратын жағдайда жолаушыны немесе жүкті тасымалдауға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, жалпы көлік түрін жүргізуге кедергі жасайтын жүкті алып жүруге тыйым салынған. 

Қанша айыппұл арқалайды?

Жол жүрісі қағидаларын орындамаған жаяу жүргіншілерге, велосипед, мопед, скутер және электросамокат жүргізушілеріне 2 АЕК көлемінде, яғни 5 050 теңге (2019) айыппұл салынады. Ал егер бұл қағиданы бұзу нәтижесінде зардап шеккендер болса, онда айыппұл сомасы 10 АЕК (25 250 теңгеге) дейін өседі.

Бұл қылмыстық құқық бұзушылыққа немесе материалдық залал келтірілген жағдайларға жатпайды. Электрсамокатшыларға арнайы экипировка кию туралы нақты талап жоқ екен.

Оқи отырыңыз:

Электрсамокатқа неге көштім? Қала тұрғындарының пікірі

Қазақстандықтар велосипедке қашан ауысады - Голландия мен Данияның үлгісі

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети