03 апреля 2020 | 16:14

Елдегі науқастар 13 467 адаммен байланыста болған - министр

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі күнде 11 науқастың жағдайы өте қиын болып саналады. Олар интенсив реанимация бөлімшелерінде ем алып жатыр. 68 науқас орташа деңгейде, 341 науқастың жағдайы жеңіл деп саналады немесе симптомсыз науқастар. Осы науқастарға байланысты 13 467 қарым-қатынасы бар контактты азаматтар. Олардың арасында 442 азамат шетелге шығып кетті. Қалған 13 025 азамат біздің тіркелген науқастар қарым-қатынасы бар. Олардың 96,7% оқшауланды. Стационарлық немесе үйде оқшауланды", - деді министр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазір елімізде 453 адам коронавирус індетін жұқтырған. 29 адам сауығып шықты және 3 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, карантин режимінде жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер жұмыстың қауіпсіздігіне қарай үш топқа бөлінді. Бірінші топтағы дәрігерлер жалақысына айына 850 мың теңге үстемақы қосып алады.

Министр Елжан Біртанов бұған дейін "Қазақстанда наурыз, сәуір, мамыр айларын есепке алғанда, 3,5 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін" деп болжам жасаған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram