27 июля 2020 | 15:44

Эколог Президентке алдағы жылды "экология жылы" деп жариялауды ұсынды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Атыраулық эколог Арман Хайруллин алдағы жылды Қазақстандағы экология жылы деп жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық эколог Арман Хайруллин алдағы жылды Қазақстандағы экология жылы деп жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, елімізде экология мәселесі өте өзекті. Бұл туралы ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтты. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда Атырауда экологиялық апокалипсис болып жатыр. 1990 жылдан осы күнге дейін ауа бассейіне 4 миллион тонна уытты қалдықтар шығарылған. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіріп отыр", -  деді Хайруллин.

Ол 2021 жылды Қазақстандағы "экология жылы" деп жариялауды ұсынды.

"Бұл мәселеге қатысты ұсынысым бар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде экология министрлігін құрды. Ол алдағы 2021 жылды "экология жылы" жарияласа екен. Себебі, 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған жоқ", - деді Арман Хайруллин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram