РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 апреля 2020 | 12:38

"Экипаж соңына дейін күресті" - бас қолбасшы Қарағандыдағы ұшақ апаты туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Қарағандыда апатқа ұшыраған ұшақ экипажы авиациялық техниканы сақтап қалу және аман-есен қону үшін соңына дейін күрескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда апатқа ұшыраған ұшақ экипажы авиациялық техниканы сақтап қалу және аман-есен қону үшін соңына дейін күрескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

"Апат себебіне байланысты барлық нұсқа қаралады. Содан кейін жарияланады. Қазір бірнеше нұсқа қаралып жатыр, соның ішінде авиациялық техниканың ұшқанда істен шығуы, сыртқы факторлардың әсері бар, сондай-ақ адами фактор да жоққа шығарылмайды. Бұл ұшақтың экипажы ұшу эксплуатациясының аясында кәсіби түрде әрекет еткен, авиациялық техниканы сақтап қалу үшін және аман-есен қону үшін соңына дейін күресті. Қолдан келгенше тырысты. Авиациялық техниканың істен шығуынан осылай болғаны көрініп тұр. Осыған байланысты, комиссияның жағдайға байланысты шығаратын ресми мәлімдемесін күтуді сұраймын. Бұл туралы тағы хабарлаймыз", - деді бас қолбасшы.

Еске салайық, 16 сәуірде Қарағанды маңында МиГ-31 ұшағы құлаған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети