РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 декабря 2021 | 18:11

Екі баланың анасы. Сіз кімсіз, Хаменова ханым?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ісі қазір қызу талқыланып жатыр. Оған 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған. Бүгін шенеунік үйқамаққа алынды. Tengrinews.kz тілшісі Хаменова туралы ақпарат ұсынады. 


Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ісі қазір қызу талқыланып жатыр. Оған 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған. Бүгін шенеунік үйқамаққа алынды. Tengrinews.kz тілшісі Хаменова туралы ақпарат ұсынады. 

Бақытгүл Хаменова 1981 жылы 9 сәуірде Атырау қаласында туған. Бүгінге дейін бірнеше университетте білім алған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "филолог" мамандығына оқыған. Кейін Атырау мұнай және газ институтында ("мұнай және газ инженері"), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ("экономика және бизнес") тәлім алған. 2009 жылдан бері филология ғылымдарының кандидаты.

Хаменова еңбек жолын Атыраудағы телерадиокомпанияның дикторы қызметімен бастаған. Ол кезде 18 жаста еді. Кейін сонда редактор қызметін атқарған. 

20 жасында Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. 

Бақытгүл Хаменова 28 жасында Атырау қалалық мәслихатының депутаты атанған. Ал 2016 жылы Парламент Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты болып, 2020 жылға дейін сонда қызмет еткен.

Шенеунік былтыр наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, бүгінге дейін сонда жұмыс істеп жатыр. 

Хаменованың бірқатар наградасы бар - "Экономика мақтанышы", "Құрмет" ордендерін алған. "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Белсенді қызметі үшін" төсбелгілерімен және т.б. марапатталып, 2011 жылы ҚР Президентінің алғыс хатын алған. 

Желіде әкім орынбасарының отбасы туралы мәлімет жоқ. Тек Парламент сайтында оның екі баласы бары жазылған.

Экс-депутат әлеуметтік желіде белсенді. Instagram-парақшасында 3 759 фолловер бар, Facebook желісіндегі парақшасында достарының санын жауып тастаған, кейінгі жазбасы 5 желтоқсанда шығыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайы айтылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети