РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 января 2020 | 13:11

ЕАЭО елдерінен келген көліктер. Ең көп қойылатын сұрақтардың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 ақпанға дейін қазақстандықтарға ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырды. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды. Бұл мәселе қазақстандық жүргізушілер арасында қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың шетелдік көліктерге қатысты жиі қоятын сұрақтарының жауабын анықтап көрді.


24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 ақпанға дейін қазақстандықтарға ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырды. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды. Бұл мәселе қазақстандық жүргізушілер арасында қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың шетелдік көліктерге қатысты жиі қоятын сұрақтарының жауабын анықтап көрді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде елге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен - Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жеткізілген.

Көлікті тіркеу үшін шетелге бару керек пе?

Осыған дейін әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде армян, қырғыз және ресейлік көліктерді тіркеу үшін міндетті түрде сол елдерге бару қажет екені туралы хабарламалар тараған еді. Алайда ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысы Юрий Козлов бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Шетелге шығудың қажеті жоқ. Ондай көлікті тіркеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бару керек", - деген еді Козлов таяуда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Оның айтуынша, көлік тіркелмесе де, ол қазақстандықтың меншігі болып саналады. Көліктің жаңа иесіне бұл жағдайда автомобильді толықтай немесе бөлшектеп сатуға болады.

Уақытша тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Мына куәліктерді халыққа қызмет көрсету орталығына апару керек.

- Жеке куәлік;

- бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері;

- тіркеу туралы куәлік;

- меншік құқығын растайтын құжаттар;

- бастапқы тіркеу үшін төлем туралы түбіртек;

- мемлекеттік нөмір дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж.

Тіркеу үшін қанша ақша керек?

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу құны 500 000 теңгеден 4 миллион теңгеге дейін баратынын айтты.

"Тіркеу сомасы көліктің қашан, қай жылы шыққаны, қай елден әкелінгеніне байланысты. Сондай-ақ, шетелден әкелінген көлік кеден тексерісінен өтуі керек. Бірақ стандартқа сәйкес емес көліктерді тіркеу мүмкін болмады. Мысалы, көлікте қауіпсіздік жастығы болмаса, ол тіркелмейді. Ондай көліктерді бөлшектеп сатуға болады", - деді қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев.

Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге шектеу бар ма?

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелде есепте тұрған автокөліктерді тіркеу ережесін түсіндірген болатын. Оның айтуынша, мұндай көліктерді тіркеу үшін, олардың иелеріне Қазақстан аумағынан шығып, 30 күн өткен соң Қазақстанға қайта кіруге тура келеді екен. 

© РИА Новости

"Негізінен бұл Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерге қатысты айтылады. Мұның ресейлік көліктерге қатысы жоқ. Қазақстанға кіріп жатқан барлық көлікке кедендік тазалық ережесі (мұны көлік иелері жасауы керек) бойынша - олар егер ережеден тыс рәсімделген болса Еуразиялық экономикалық одақ мүшелігіндегі Қазақстанға келетін барлық көлік түрі жатады. Бізде олар екі ел - Қырғызстан және Армения. Оларда 2020 жылға дейін кедендік рәсімдеудің жеңілдетілген кезеңі болды, яғни онда кедендік баж салығы ЕАЭО-ның басқа мүшелері - Ресей, Беларусь және Қазақстандағыдан әлдеқайда төмен болды", - деп түсіндірген еді Қожаев.

Шетелден келген көліктерге сары нөмірлер не үшін беріледі?

Күні кеше ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер "18" саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір алатынын мәлімдеген болатын.

"Сары нөмірлер мен "18-аймақ" деп белгілеу арқылы осы көліктерді жалпыдан бөліп, көзбе-көз бақылап, есеп жүргізуді көздеп отырмыз. Көлік құралын мемлекеттік нөмірін жекеленген серия арқылы бөлу жағдайды жеңілдетеді. Бұл бақылауға септігін тигізеді", - деген еді Қожаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, осы көліктерді ІІМ мәліметтер базасына тіркеу арқылы Қазақстанда қанша көлік жүргенін анықтауға мүмкіндік береді. 

"Егер бір жыл ішінде азамат қандай да бір себептермен тіркемеген жағдайда, ол көлігін елден шығаратын болып шешсе тіркеу есебінен алып тастамаймыз. Шектеу болмайды. Ол сары нөмір мен техникалық құжатын шешіп, өткізуге құқылы. Оған оның ескі нөмірін қайтарып береді, осылайша ол көлігін елден шығара алады. Алайда Қазақстанда 2021 жылдың 1 наурызынан бастап мұндай көліктер жүре алмайды", - деді Қожаев. 

Биылдан бастап көлік жүргізушілері не білуі керек?

Қазақстанда тіркеуге қойылмайтын көліктер бар ма?

Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, елімізде көліктің екі түрін тіркеуге рұқсат жоқ.

Қазақстанда тіркеуге қойылмайтын көліктер бар. Олар - рөлі оң жақта және Euro 4 экологиялық талабына сай келмейтін көліктер. Заңнамада талапқа сәйкес келетін көліктердің шығарылған жылы да жазылады дейді.

"Корея көліктері 2006 жылдан, Еуропа 2005 жылдан, Жапония 2010 жылдан, ал Қытай көліктері 2012 жылдан бастап тіркеуге қойылады. Осы уақытта шығарылған автомобильдер ЕУРО-4 стандартына жатады. Одан ерте шығарылса, тіркеуге мүлдем қойылмайды", - дейді Қайыров.

Оның айтуынша, таяуда "Жолда қабылдау" аясында кеңес алған адамдардың басым бөлігінің көлігі Euro 4 стандартына кірмейді. Себебі 2000-2003 жылдары шығарылған. Ондай көліктерді тіркеуге қоюға рұқсат жоқ.

"Енді оларға ешкім тиіспейді, арнайы ұстап, жауапқа тартпаймыз. Бірақ жол ережесін бұзса, барлық құжаты тексеріледі. Жылдамдықты асырса, сосын жол апатына себепші болса, тексеріс жүргіземіз. Бақылау бекеттерінде тоқтатуы мүмкін. Ал жолда тұрып алып, бәрін тоқтату деген болмайды", -  деп түсіндірген еді ол.

Шетелдік көліктерді тіркеуден бюджетке қанша ақша түседі?

Экономист Андрей Чеботарев қазақстандықтардың 70 пайызы шетелдік көліктерін тіркесе бюджетке қанша ақша түсетінін болжаған болатын.

Сарапшының айтуынша, 170 шетелдік көліктің барлығы бірдей тіркеуден өтпейтін болса, мысалы, 70 пайызы ғана тіркелесе, бюджетке шамамен 300 миллиард теңге түседі. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети