РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 февраля 2020 | 14:16

"Дұрыс жұмыс істей алмады". Қазақстанда былтыр 90 судья қызметінен кеткен

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Жоғарғы соттың судьясы Абай Рахметулин өткен жылы теріс себептермен 29 судья қызметінен босатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоғарғы соттың судьясы Абай Рахметулин өткен жылы теріс себептермен 29 судья қызметінен босатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рахметулиннің айтуынша, 2019 жылы жалпы 90 судья қызметінен босатылыпты. Оның 26-сы өз еркімен, 30-ы отставкаға байланысты, 3-еуі зейнет жасуына жетуіне байланысты, 2-еуі қайтыс болуына байланысты, ал 29-ы теріс себептермен қызметінен кеткен.

"Теріс себеп дерегіне парамен ұсталғандар, "істі дұрыс қарамады, заңды өрескел бұзды" деген жағдайлар кіреді. Өткен жылы дұрыс жұмыс істей алмаған 29 судья қызметінен кетті", - деді судья орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң.

Сонымен қатар, Абай Рахметулин 8 судьяны жұмысынан босату мәселесі Президенттің қарауында жатқанын атап өтті.

"Судьяны қызметтен босату үшін арнайы процедуралар жүргізіледі. Ол жүргізілмей, Президент оларға жарлық шығара алмайды. Сондықтан ең соңғы процедура жоғарғы сот кеңесі болып саналады. Олар судьялардың жұмысын тексеріп, қызметтен босату туралы шешімді шығарады. 8 судьяға қатысты осындай шешім шығарылды. Ол президентке жіберілді. Бірақ мемлекет басшысының әлі жарлығы шыққан жоқ", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети