ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанның шекарасы қандай жағдайда жабылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанның шекарасы қандай жағдайда жабылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде болып жатқан жағдай туралы мәлімет берді (министр - авт.). Біз оны зерттеп отырамыз. Қазақстанның коронавирус жаңа толқынын тоқтату үшін немесе алдын алу үшін жасайтын іс-қимылдарының нәтижесіне байланысты. Сондықтан мемлекет не Үкімет тарапынан Қазақстанды жабу немесе шектеу жұмыстарын өткізуі әбден мүмкін. Ол енді біздің көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 106 661-ге жетті. 100409 науқас жазылды, 1 634 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!